Ақай селолық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 11 "Ақай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Ақай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 13 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 2 мамырда № 3-3-162 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес, Ақай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақай селолық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 11 "Ақай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3446 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 қарашада аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемесінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақай ауылдық округінің әкімі Сәрсен Ә.І.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады