"Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2018 жылдың 6 сәуірде № 3-4-166 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 10.03.2021 № 95 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 "Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4192 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 тармағында:

      "1 және 2 қосымшаларға" сөздері "1, 2, 3, 4 қосымшаларға" сөздерімен ауыстырылсын;

      осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Байғанин аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Боранбайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі А. Шериязданов

  Аудан әкімдігінің
2018 жылғы "27" наурыздағы
№ 66 қаулысына қосымша
  Аудан әкімдігінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 10 қаулысына 4 қосымша

Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын-үй қорынан жалға берілетін үйлерінде үй-жайды пайдаланғаны үшін белгіленген ай сайынғы жалдау ақы мөлшері Екі пәтерлі тұрғын үйлер (орналасқан мекен-жайы: Қарауылкелді ауылы, Аэропорт көшесі, № № 70, № 71, № 72, № 73, № 74, № 75 үйлер)

      2017 жылы салынған тұрғын үйдің 1 пәтерінің сметалық құны – 8 515 836 теңге;

      Ц – 2017 жылы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны – 120 792 теңге;

      Е – 2017 жылы салынған тұрғын үйдің жалпы аумағы – 70,5 шаршы метр;

      Т – 2017 жылы салынған тұрғын үйдің есептік пайдалану мерзімі – 100 жыл;

      Г – 2017 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға 1 шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және ағымдағы жөндеудің шығын сомасы – 0 теңге;

      Р – тұрғын үйді күтіп-ұстауға қажетті төлемдер сомасы (1 айға 1 шаршы метр үшін теңге);

      А – үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін теңге);

      Есептеу формуласы:

      2017 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:

      Р=Г:12:Е;

      Р= 0:12:70,5= 0 теңге;

      А=Ц:Т:12+Р;

      А=120792:100:12+0= 100,66 теңге.

      1 айға 1 шаршы метрінің жалдау ақысының мөлшері –100,66 теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады