Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2018 жылдың 26 сәуірде № 3-4-171 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 19.11.2019 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 49 ұсынысы негізінде, Сартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сартоғай ауылдық округінің Алтай батыр ауылы аумағында ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сартоғай ауылдық округінің әкімі А. Махан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады