Саралжын ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 21 қазандағы № 13 "Саралжын ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 1 қазанда № 3-11-141 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Саралжын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Саралжын ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 21 қазандағы № 13 "Саралжын ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-100 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Саралжын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саралжын ауылдық округінің әкімі А. Мубараков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады