Ойыл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 107 "Ойыл ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 108 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 8 қазанда № 3-11-143 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ойыл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 107 "Ойыл ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-99 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада "Ойыл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешімінің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауылдық округі әкімі Д. Бисебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады