Қопа ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 6 "Қопа ауылдық округінің мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 19 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 16 қарашада № 3-12-182 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қопа ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 6 "Қопа ауылдық округінің мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-68 тіркелген, 2008 жылы 25 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қопа ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қопа ауылдық округінің әкімі Н. Жалтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады