Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы "Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы" атағын беру Қағидаларын бекіту туралы" № 45-261 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 29-155 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 20 сәуірде № 4654 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы" атағын беру Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 20 мамырдағы Алматы облыстық мәслихатының № 45-261 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3242 тіркелген, 2015 жылдың 9 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы" атағын беру Қағидаларының 25-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "25. Лента ұзындығы – 210 сантиметр, ені – 20 сантиметр көгілдір түсті матадан жасалған. Лентаның ортасында "Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы" деген алтын түстес жіппен тігілген жазу және Алматы облысының (қаласының, ауданының) таңбасы орналасқан. Лентаның екі жақ ұшы алтын түсті шашақтармен көмкерілген.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы Б. Байжұмановқа жүктелсін (келісім бойынша).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Ә. Қыдырманов
      Алматы облыстық
      мәслихатының хатшысы С. Дүйсембінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады