2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысында әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 37-204 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 19 желтоқсанда № 4959 болып тіркелді

      2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысында әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының "Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихаты
      сессияның төрағасы Ә. Алпысбаев
      Алматы облыстық
      мәслихатының хатшысы С. Дүйсембінов

  Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы "13" қарашадағы № 37-204 шешіміне қосымша

2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысында әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесі

№ р/с

Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың атауы

1

Арна ауылы (Қапшағай қаласы) - Автобекет (Қапшағай қаласы)

2

Қалалық емхана (Қапшағай қаласы) - Мұнай базасы (Қапшағай қаласы)

3

Қалалық емхана (Қапшағай қаласы) - 19, 20 шағын аудандар (Қапшағай қаласы)

4

Қалалық емхана (Қапшағай қаласы) - Саяжайлар (Қапшағай қаласы)

5

Қалалық емхана (Қапшағай қаласы) - Сүзгі станциясы (Қапшағай қаласы)

6

2 желі (Қапшағай қаласы) - № 64192 әскери бөлімі (Қапшағай қаласы) - "Қарлығаш" шағын ауданы (Қапшағай қаласы)

7

Шелек ауылы (Еңбекшіқазақ ауданы) - Есік қаласы (Еңбекшіқазақ ауданы)

8

Шелек ауылы ауылішілік маршрут (Еңбекшіқазақ ауданы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады