Талдықорған қаласының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 4 сәуірде № 4627 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қаласының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып қала әкімінің орынбасары Д. Жолжанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Талдықорған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы шешімді Талдықорған қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д. Жолжановқа жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б. Қарасаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады