Қырбалтабай ауылдық округінің Қырбалтабай ауылындағы көшелеріне атау беру туралы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25-12 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 10 қаңтарда № 4996 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қырбалтабай ауылдық округі жанындағы жергілікті қоғамдастықтың пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылдың 26 қыркүйегіндегі қорытындысының негізінде, Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қырбалтабай ауылдық округінің Қырбалтабай ауылының шығысында орналасқан бірінші көшеге "Құмбел", екінші көшеге "Құрөзек", үшінші көшеге "Қадыр Мырза Әли", төртінші көшеге "Тұманбай Молдағалиев", бесінші көшеге "Қарасу", алтыншы көшеге "Ойжайлау", жетінші көшеге "Қарашеңгел", сегізінші көшеге "Үшбұлақ", тоғызыншы көшеге "Сарыжазық", оныншы көшеге "Төле би", он бірінші көшеге "Алтынемел", он екінші көшеге "Асы" атаулары берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі А. С. Темешев

О присвоении наименований улицам в селе Кырбалтабай, Кырбалтабайского сельского округа

Решение акима Кырбалтабайского сельского округа Енбекшиказахского района Алматинской области от 13 декабря 2018 года № 25-12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 10 января 2019 года № 4996

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения местного сообщества Кырбалтабайского сельского округа и на основании заключения ономастической комиссии Алматинской области от 26 сентября 2018 года аким Кырбалтабайского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Присвоить наименования первой улице "Кумбель", второй улице "Курозек", третьей улице "Кадыр Мырза Али", четвертой улице "Туманбай Молдагалиев", пятой улице "Карасу", шестой улице "Ойжайлау", седьмой улице "Карашенгель", восьмой улице "Ушбулак", девятой улице "Сарыжазык", десятой улице "Толе би", одиннадцатой улице "Алтынемель", двенадцатой улице "Асы" расположенным на востоке села Кырбалтабай Кырбалтабайского сельского округа.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Кырбалтабайского сельского округа А. С. Темешев