Кеген ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 9-33 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 29 қарашада № 4903 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 14-67 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 14-67 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әpi - кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрi - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Келесі тәртіп айқындалсын:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:

      өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;

      алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);

      психологиялық–медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

      "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

      Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасы.

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бip жылға тағайындалады және көрсетілген кезеңге тоқсан сайын төленеді;

      5) алғашқы тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берген күннен бастап төленеді.

      6) Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кеген аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы С. Саниязов
      Кеген аудандық
      мәслихатының хатшысы Н. Советов

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Кегенском районе

Решение Кегенского районного маслихата Алматинской области от 27 ноября 2018 года № 9-33. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 29 ноября 2018 года № 4903

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 "Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11342), Кегенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить возмещение затрат на обучение на дому (далее -возмещение затрат на обучение) родителей и иных законных представителей детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее - дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану ежеквартально в размере восьми месячных расчетных показателей.

      2. Определить следующий порядок:

      1) возмещение затрат на обучение производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ" Кегенского района;

      2) возмещение затрат на обучение предоставляется одному из родителей и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями (далее - получатель);

      3) для возмещения затрат на обучение получатель представляет следующие документы:

      заявление, по форме согласно приложению 1 к Стандарту государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей инвалидов", утвержденного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 (далее - Стандарт);

      документ, удостоверяющий личность получателя;

      документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка или справка сельского акима);

      заключение психолого-медико-педагогической консультации;

      справка об инвалидности по форме, утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 44 "Об утверждении Правил проведения медико-социальной экспертизы";

      документ, подтверждающий сведения о номере банковского счета;

      справка из учебного заведения, подтверждающий факт обучения ребенка-инвалида на дому, по форме согласно приложению 2 к Стандарту;

      4) возмещение затрат на обучение назначается на один год с момента признания необходимости обучения ребенка с ограниченными возможностями на дому, указанного в заключении психолого-медико-педагогической консультации и выплачивается ежеквартально за указанный период;

      5) в случае первоначального назначения возмещение затрат на обучение выплачивается со дня обращения.

      6) Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через:

      некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан";

      веб-портал "электронного правительства": www.egov.kz при назначении возмещения затрат на обучение на дому детей инвалидов, а также получении информации о назначении возмещения затрат на обучение на дому детей инвалидов.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Кегенского районного маслихата"По вопросам средств массовой информации, работы с общественными объединениями, права, социально-культурного развития".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Кегенского
      районного маслихата С. Саниязов
      Секретарь Кегенского
      районного маслихата Н. Советов