Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 20-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 ақпанда № 3696 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 23-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихатының өнеркәсіп салаларын, құрылысты, энергетиканы, көлікті, байланыс пен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы М.Ескендіров
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы Б.Қарашолақов

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2018 жылғы "25" қаңтардағы
№20-6 шешіміне қосымша

Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі

Елді мекендердің атауы

Қатынас

1.

Жаңатас қаласы

Орталық базар- Шоқай Датқа


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады