Байзақ ауылындағы көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 41 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 3897 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ботамойнақ ауылдық округінің Байзақ ауылының көше атаулары өзгертілсін:

      1) ТСФ көшесі Жеңіс көшесіне;

      2) МТШ көшесі Жеті төбе көшесіне;

      3) Талас көшесінің 2 бұрылысын Ақбұлақ көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Байдилдаева Толкынай Амирбековнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Е. Заурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады