Аспара ауылдық округінің Аспара ауылындағы Мира, Набережная, Целинная, Центральная, Октябрьская, Садовая көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Аспара ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 қаңтардағы №2-04/01 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қаңтарда № 3691 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аспара ауылдық округінің Аспара ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      Мира көшесі – Бірлік;

      Набережная көшесі – Аққайнар;

      Целинная көшесі – Қазына;

      Центральная көшесі – Тұран;

      Октябрьская көшесі – Шұғыла;

      Садовая көшесі – Парасат.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аспара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н. Кенишбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі К. Бикеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады