2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы №6 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 ақпанда № 3699 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 7 бабы 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18, 168 баптарына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарына босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыратын жеке және заңды тұлғалар көтермеленсін.

      2. "Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды белгіленген квотаға сәйкес жұмыспен қамтысын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Кадырбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Алиев

  Талас ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 6 қаулысына қосымша

2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің саны

Белгіленген квота мөлшері

Пробация қызметінің есебіндегілер

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылғандар

Жұмысшылардың санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

Жұмысшылардың санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

Жұмысшылардың санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

"Талас ауданы әкімдігінің "Игілік" көпсалалы кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

170

2%

1

2%

1

2%

1

"Таза Талас" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

47

4%

1

4%

1

0

0

Барлығы

217


2


2


1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады