"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі VI шақырылған XXIV сессиясының № 276 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 4716 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.09.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) "Взгляд на события" газетінде, 2015 жылғы 8 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      27, 27-1, 27-2, 27-3 тармақтары алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Әбдіров
      Қалалық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы Ю. Бадина

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Жайназаров

      2018 жылғы 11 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады