Объектілік масштабтағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 наурызда № 4659 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасындағы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Жезқазған қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 1 хаттамасы негізінде, Жезқазған қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жезқазған қаласы Жеңіс көшесіндегі № 11 үйде адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін авариялық жағдайдың туындау қаупі ықтималдығына байланысты объектіде объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Н. Орынбаев тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласы әкімі Б. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады