Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2001 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 қаңтарда № 4575 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес, Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2001 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді өткізу және оларды әскери есепке алу мақсатында, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2001 жылы туған ер азаматтарды тіркеу 2018 жылдың 01 сәуіріне дейін ұйымдастырылсын.

      2. Абай ауданының кент, ауылдық округтар және ауыл әкімдері 2001 жылы туған жасөспірімдердің Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі Б. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады