Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 03/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 4605 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына, 2017 жылғы 14 желтоқсандағы Абай аудандық мәслихатының 23 сессиясының шешіміне сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері белгіленсін:

      1) №200 "Абай қаласы – Қарабас кенті" - 90 (Тоқсан) теңге;

      2) № 208 "Абай қаласы – Көксу ауылы" - 135 (Жүз отыз бес) теңге;

      3) № 209 "Абай қаласы – Жаңа Қараган кенті" - 40 (Қырық) теңге;

      4) № 211 "Абай қаласы – Южный кенті (Топар ақылы)" - 150 (Жүз елу) теңге;

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Абай ауданының әкімі Б. Асанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Абай аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Цай

      "22" қаңтар 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады