Көшелерді қайта атау туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылының әкімінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 сәуірде № 4725 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылының көшелері:

      1) Центральная көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      2) Дорожная көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      3) Набережная көшесі Желтоқсан көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі А. Жұматаев

О переименовании улиц

Решение акима села Карима Мынбаева Нуринского района Карагандинской области от 6 апреля 2018 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 25 апреля 2018 года № 4725

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" и заключением Карагандинской областной ономастической комиссии от 7 февраля 2018 года, аким села Карима Мынбаева Нуринского района РЕШИЛ:

      1. Переименовать улицы села Карима Мынбаева Нуринского района:

      1) улицу Центральная в улицу Бейбітшілік;

      2) улицу Дорожная в улицу Тәуелсіздік;

      3) улицу Набережная в улицу Желтоқсан.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким села А. Жуматаев