2018 жылға Приозерск қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 14/104 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 мамырда № 4765 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

      1) Приозерск қаласында қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 2% мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 2% мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес;

      3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 2% мөлшерінде 3 қосымшаға сәйкес.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласының әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкiмі Қ. Камзин

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 14/104 қаулысына
1 қосымша

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Приозерск қаласының "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

77

2

2

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 14/104 қаулысына
2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

173

2

3

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 14/104 қаулысына
3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Приозерск қаласының "Балақай" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

56

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады