Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 1253 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 қарашада № 6508 болып тіркелді

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 274-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Е.Г. Кимге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Қ. Ысқақов

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы "05" қарашадағы №1253 қаулысына қосымша

Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері

      Есептің бірінші және үшінші жылы аралығын қоса алған мерзімдегі қамтамасыз ету мөлшері "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабының 3-тармағында және 274-бабында бекітілген бір гектар үшін жұмыстарына жұмсалған жылсайынғы ең төменгі шығындар сомасының 10% көлемінде төмендегі формуламен анықталады:

      О1 = 6940×АЕК×10%

      мұндағы:

      О1 – бірінші және үшінші жыл (қоса алғанда) аралығындағы қамтамасыз ету мөлшері;

      АЕК – республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржылық жылға бекітілген айлық есептік көрсеткіш;

      % - пайыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады