2018 жылы өткiзiлетiн бiрыңғай мемлекеттiк сатып алулардың кейбiр мәселелерi туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 10439 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 ақпанда № 6174 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы болып Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi мемлекеттік сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.

      3. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада бекітілген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қаласы әкiмдігiнiң 2018 жылғы 14 ақпандағы №10439 қаулысына қосымша

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi мемлекеттік сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

Атауы

1.

Тауарлар:

Білім беру объектілеріне физика, химия, биология кабинеттерін сатып алу

2.

Жұмыстар:

Әлеуметтік нысандарын және инженерлік инфрақұрылым нысандарын, көше жолдарын реконструкциялау, күрделі жөндеу, орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу

3.

Көрсетілетін қызметтер:

Жекешелендіру мақсатында жылжымайтын және жылжымалы мүлікті бағалау


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады