Арал қаласының көшелері мен тұйық көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 шілдедегі №360-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №170 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 шілдеде №6395 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1-тармақшасына сәйкес және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 2 қорытындысы негізінде, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал қаласының мына көшелері мен тұйық көшелері:

      1) "А. Чехов" көшесі "Әбдіраман Байтаханов" есімімен;

      2) "М. Нұржаубаев" тұйық көшесі "Нұрғали Бекжанов" есімімен;

      3) "Ы. Жақаев" тұйық көшесі "Лепес Қалиев" есімімен;

      4) "Школьная" көшесі "Астана" атауымен;

      5) "Путевая" көшесі "Қарақұм" атауымен;

      6) "Я. Свердлов" тұйық көшесі "Бәйтерек" атауымен;

      7) "Моставая" тұйық көшесі "Сарыкөл" атауымен;

      8) "В. Комаров" көшесі "Сарышоқы" атауымен;

      9) "В. Чкалов" көшесі "Қамыстыбас" атауымен;

      10) "Жеңістің 50 жылдығы" көшесі "Қосарал" атауымен қайта аталсын.

      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі М. Оразбаев
      Арал аудандық мәслихаттың кезекті жиырма
жетінші сессиясының төрағасы
Ж. Жалғасбаев
      Арал аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Мадинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады