2019 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 166 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 қазанда № 6477 болып тіркелді.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңынның 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2019 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 142 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5918 болып тіркелген, 2017 жылдың 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және 2017 жылғы 19 тамызда "Тұран-Қазалы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазалы ауданының әкімі М. Ергешбаев

  Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "11" қазандағы №166 қаулысына қосымша

2019 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 30.04.2019 № 65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

171

3

5

2

"Қазалы ауданының білім бөлімінің №276 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

71

2

1

3

"Қазалы ауданының білім бөлімінің №94 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

2

1

4

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Б.Әбдіразақов атындағы №88 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

87

2

2

5

"Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының №23 "Қарлығаш" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

2

1

6

"Әйтеке би кенті әкімі аппаратының №4 "Шұғыла" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

54

2

1

7

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылордажылуэлектрорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының "Қазалы-Теміржолжылу" филиалы

87

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады