Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 238 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 қарашада № 6516 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 207 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 207 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) сәйкес, Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі-кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) мөлшері тоқсан сайын әр кемтар балаға тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 12.02.2019 № 275 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу “Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылы кезеңінде аудан бюджеті қаражаты есебінен тоқсан сайын жүзеге асырады.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының 22 қосымшасымен бекітілген “Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу кемтар балаларға:

      1) кемтар баланың қайтыс болуы;

      2) мүгедектігін алып тастау;

      3) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;

      4) психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;

      5) аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде тоқтатылады.

      Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      7. “Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы” Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 152 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6134 нөмірімен тіркелген, 2018 жылдың 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      8. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихатының
кезектен тыс XХХІ сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
К.Назымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады