2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 448 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 6178 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаңақорған ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық әкімдігінің 03.10.2018 № 609 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 15 ақпандағы № 448
қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

Мүгедектерге арналған міндетті гигиеналық құрал: сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) сатып алу

2

Жұмыстар:

2.1

Жаңақорған ауданының аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары

3

Көрсетілетін қызметтер:

3.1

Жаңақорған ауданы бойынша көпқабатты тұрғын үйлерге энергия аудит жүргізу қызметі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады