2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 490 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 6267 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес 2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.

      2. Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 354 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6030 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 23 қарашада жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
  2018 жылғы " 05" сәуірдегі
  № 490 қаулысына қосымша

2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 28.11.2018 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны /адам/

Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемелекеттік қазыналық кәсіпорны

202

3

6

2

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің № 192 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

170

3

5

3

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің № 213 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

97

2

2

4

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің № 164 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2

1

5

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің № 196 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

2

1

6

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің № 184 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

94

2

2

7

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің Ә. Әбутәліпов атындағы № 209 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

131

3

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады