"2018 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 тамыздағы № 252 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қыркүйекте № 6421 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2018 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 61 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6190 болып тіркелген және 2018 жылы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2 және 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2 және 3қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Лекеров

  Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "19" ақпандағы № 61 қаулысына 1-қосымша
  Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "14" тамыздағы № 252 қаулысына 1-қосымша

2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Арал" салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы" филиалы Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі

172

1

2

2

"Шаған Жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

138

1

1

3

"Мағжан и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

142

1

1

4

"АҚЖАРМА и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85

1

1

  Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "19" ақпандағы № 61 қаулысына 2-қосымша
  Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "14" тамыздағы № 252 қаулысына 2-қосымша

2018 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Құңдызды май" шаруа қожалығы

67

1

1

  Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "19" ақпандағы № 61 қаулысына 3-қосымша
  Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "14" тамыздағы № 252 қаулысына 3-қосымша

2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

40

1

1

2

Қызылорда облысының білім басқармасының "Сырдария аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекетік қазыналық кәсіпорны

76

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады