2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 131 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 наурызда № 6179 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер айқындалсын.

      3. "Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Ысмағұловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі ауданының әкімі Ә. Оразбекұлы

  Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "28" ақпандағы № 131 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер


р/с

Атауы

1.

Тауарлар:

1.1.

Отын (көмір)(оларды алуға бөлінген сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 4 000(төрт мың) асатын айлық есептік көрсеткіш болған жағдайда)

2.

Жұмыстар:

2.1.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ғимаратының жаңа құрылысы

3.

Қызметтер:

3.1.

Ұлы отан соғысының ардагерлеріне өткізілетін іс-шаралар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады