Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 қазандағы № 29/16 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қазанда № 6461 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 14/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 12.11.2021 № 14/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі-кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) мөлшері ай сайын әр кемтар балаға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу "Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылы кезеңінде аудан бюджеті қаражаты есебінен тоқсан сайын жүзеге асырады.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының 22қосымшасымен бекітілген “Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу кемтар балаларға:

      1) кемтар баланың қайтыс болуы;

      2) мүгедектігін алып тастау;

      3) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;

      4) психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;

      5) аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде тоқтатылады.

      Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Қ.Шәукебаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Сыздық

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 4 октября 2018 года № 29/16. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 17 октября 2018 года № 6461. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 12 ноября 2021 года № 14/2

      Сноска. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 12.11.2021 № 14/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года “О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями” Шиелийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер возмещения затрат на обучение на дому (далее - возмещение затрат на обучение) детям с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее – дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану ежемесячно на каждого ребенка с ограниченными возможностями в размере трех месячных расчетных показателей.

      2. Возмещение затрат осуществляет коммунальное государственное учреждение “Шиелийский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов граждаского состояния” ежеквартально с месяца обращения за счет районного бюджета в течение соответсвующего учебного года.

      3. Возмещение затрат на обучение предоставляется родителям и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями, обучающихся на дому (далее - услугополучатели).

      4. Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются согласно Стандарту государственной услуги “Возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов”, утвержденные приложением 22 приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года №279 “Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере” (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №11342) (далее – Стандарт).

      5. Услугополучатель (или его представителя по нотариально засвидетельствованной доверенности) при обращении для оказания государственной услуги представляет документы, указанные в пункте 9 Стандарта.

      6. Возмещение затрат на обучение детям с ограниченными возможностями прекращается:

      1) смерть ребенка с ограниченными возможностями;

      2) снятие инвалидности;

      3) в период обучения в доме интернате или в санаторной школе;

      4) окончание срока заключения психолого-медико-педагогической консультаций;

      5) выезд на постоянное проживание за пределы района.

      Возмещение затрат на обучение прекращается в следующий месяц, после наступлении вышеуказанных обстоятельств.

      7. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии районного маслихата К.Шәукебаев
      Секретарь районного маслихата Б.Сыздык