"Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 17/212 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 3567 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/97 "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3300 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 сәуірде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

      3. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Ж. Әбілов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Клинчев
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Трұмов

 
  Маңғыстау облыстық мәслихатының
2018 жылғы 20 наурыздағы
№ 17/212 шешімімен
бекітілген

"Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы мәслихатының 14.04.2023 № 2/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі–Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жоғары тұрған басшы – бағаланатын қызметшінің тікелей басшысы оған тікелей бағынысты болатын адам;

      2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;

      3) бағалаушы адам – мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігіне байланысты тікелей басшы және/немесе жоғары тұрған басшы, сондай-ақ 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобы;

      4) құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы – D-1 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) санаттарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;

      5) "Б" корпусының қызметшісі – құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысын қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметін атқаратын адам;

      6) бағаланатын адам – құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы немесе "Б" корпусының қызметшісі;

      7) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы үшін белгіленетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, оның ішінде ұлттық жобаларға, немесе мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған көрсеткіштер;

      8) саралау әдісі – "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың функционалдық міндеттерді орындау сапасы, міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау, бастамашылдық және дербестік, еңбек тәртібін сақтау, атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігі – бағалау параметрлеріне сәйкестік дәрежесін ескере отырып анықталатын бағалау әдісі;

      9) 360 әдісі – бағаланатын адамның жұмыс ортасынан адамдар тобын сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі;

      10) калибрлеу сессиялары – бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін бағалаушы адамдардың кездесулері;

      11) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі.

      3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.

      4. Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.

      5. НМИ қол жеткізу және саралау әдісі бойынша бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей, 360 әдісі бойынша – есепті жылдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      НМИ және саралау бойынша қорытынды баға "Б" корпусы қызметшісінің есепті тоқсандардағы орташа бағасынан құралады.

      6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау жұмысқа шыққаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

      7. Бағалау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз 5-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

      8. Бағалау нәтижелері мынадай саралау бойынша қойылады:

      "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады",

      "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады",

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады",

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" (қанағаттанарлықсыз баға).

      "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады" нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады" нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады" нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.

      9. НМИ қол жеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.

      10. 360 әдісі бойынша бағалау нәтижелері қызметшіні оқыту бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

      11. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген құрылымдық бөлімше (адам), соның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте персоналды басқару қызметі ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам бекітетін бағалау кестесін құрастырады.

      12. Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе және/немесе мемлекеттік органдардың интранет-порталы немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы таныстыруды қамтамасыз етеді.

      13. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу жөнінде еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.

      "14. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіпте шағымдана алады.

      15. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болған кезде ақпараттық жүйеде сақталады.

      16. Бағалау нәтижелері қатаң жасырын ақпарат болып табылады және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік орган осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жария етуге жатпайды.

      17. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді барлық мүдделі адамдар мен тараптардың жәрдемдесуімен персоналды басқару қызметі қарастырады.

      18. Бағалаушы адам мыналарға жауапты болады:

      1) мемлекеттік орган/құрылымдық бөлімше стратегиялық мақсаттары, мемлекеттік орган/құрылымдық бөлімше жұмысының есептік кезеңдегі жалпы нәтижесі жөнінде бағаланушы адамдардың назарына жеткізу;

      2) НМИ уақытылы қоюды, келісу мен бекітуді қамтамасыз ету;

      3) бағаланатын кезең ішінде НМИ орындау деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметінің қорытынды бағасы мен конструктивті кері байланысты ұсыну; бағаланатын адамдардың функционалдық міндеттерін орындау дәрежесіне бағаланатын кезеңде тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметкердің қызметінің қорытынды бағасы және конструктивті кері байланысты ұсыну;

      4) бағалау процесінде бағаланатын адамдарды бағалау бойынша даулы мәселелерді, олар туындаған жағдайда, калибрлік сессияларға және оларды шешуге қатысу.

      19. Бағаланатын адам мыналарға жауапты болады:

      1) олардың НМИ/қойылған міндеттерді орындау дәрежесіне жүйелі мониторинг жүргізу;

      2) 360 әдісі бойынша оның қызметін бағалау шеңберінде уақтылы өзін-өзі бағалауды жүргізу;

      3) қызметті бағалау нәтижелерін талқылау бойынша басшымен кездесулерге қатысу.

      20. Персоналды басқару қызметінің басшысы мыналарға жауапты болады:

      1) коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қосқанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеу;

      2) НМИ уақтылы талдау мен келісу;

      3) қажет болған жағдайда басшы мен қызметкердің кездесуіне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесу;

      4) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр қызметкерге ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;

      5) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберу, қажетті есептік жазбаларды жүргізу.

      21. Бағалау нәтижелері бағаланатын адамға, бағалаушы адамға, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысына және калибрлеу сессияларының қатысушыларына ғана белгілі болуы мүмкін.

2-тарау. Құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысын НМИ қол жеткізуі бойынша бағалау тәртібі

      22. Құрылымдық бөлімше/мемлекеттік орган басшысының қызметін бағалау НМИ жетістіктерін бағалау әдісі негізінде жүзеге асырылады.

      23. НМИ-ды бағалаушы адаммен стратегиялық жоспарлау мәселесін үйлестіретін құрылымдық бөлімшенің (бар болған жағдайда), сондай-ақ персоналды басқару қызметінің келісімімен осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағаланатын кезең басталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жасалатын құрылымдық бөлімше/мемлекеттік орган басшысының жеке жұмыс жоспарында белгіленеді.

      Қызметші бағалау кезеңі басталғаннан кейін тағайындалған жағдайда НМИ лауазымға тағайындалған күннен бастап он жұмыс күн ішінде белгіленеді.

      Бұл ретте, НМИ белгіленген (бекітілген) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметі жеке жұмыс жоспарының ақпараттық жүйеде (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      Егер қызметшінің тағайындалған күнінен бастап бағалау кезеңінің соңына дейінгі мерзім үш айдан аз болса, аталған қызметшіге НМИ белгіленбейді.

      Құрылымдық бөлімше/мемлекеттік орган басшысының НМИ қол жеткізуін бағалауды бағалаушы адам 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізеді.

      Бұл ретте, мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында персоналды басқару қызметі стратегиялық жоспарлау мәселесін үйлестіретін құрылымдық бөлімшенің келісімімен (бар болған жағдайда) НМИ-дің нақты мәндеріне алдын ала есептеу жүргізеді және оны осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес бағалау мерзімінің соңғы күніне дейінгі бес жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) бағалаушы адамға жолдайды.

      24. НМИ үштен беске дейінгі мөлшерде белгіленеді және бағаланатын кезеңнің соңына дейін бағаланатын адам қызметінің күтілетін нақты нәтижелерін көрсетуі тиіс.

      25. НМИ мақсатқа қол жеткізу өлшемінің сандық және сапалық индикаторларынан тұруы тиіс және:

      1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

      2) өлшемді (НМИ жетістіктерін өлшеу үшін нақты өлшемшарттар белгіленеді);

      3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);

      4) уақытпен шектеулі (бағаланатын кезең ішінде НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді) болуы;

      5) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, оның ішінде ұлттық жобаларды, мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарын, "А" корпусы қызметшісінің келісімін іске асыруға не мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағдарланған болуы тиіс.

      26. НМИ-ге өзгерістер енгізуге қол жеткізуге тікелей әсер ететін мемлекеттік органның функциялары мен құрылымы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      27. Ақпараттық жүйе немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметі құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысын оған қатысты бағалауды өткізу туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      28. Ақпараттық жүйемен немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметі ресімделген бағалау парағын бағалаушы адамға қарау үшін жолдайды.

      Ұсынылған материалдарды қарау қорытындылары бойынша бағалаушы адам үлгілік Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында (0-ден 5-ке дейін) баға қояды.

      Бағаларды қою кезінде бағалаушы адам осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйінді нысаналы индикаторды іске асыру пайызына қарай жол берілетін бағаны айқындау кестесін пайдаланады.

3-тарау. "Б" корпусының қызметшілерін саралау әдісімен бағалау тәртібі

      29. "Б" корпусының қызметшілерін бағалау саралау әдісі бойынша жүзеге асырылады.

      30. "Б" корпусының қызметшілерін саралау әдісі бойынша бағалауды құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы үлгілік Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органда жұмыс істейтін ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.

      31. Ақпараттық жүйе немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметі "Б" корпусының қызметшісін оған қатысты бағалау жүргізілетіні туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      32. Ақпараттық жүйе арқылы немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметімен бағалаушы адамға бағалау парағы жіберіледі.

      Бағалаушы адам үлгілік Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында баға (0-ден 5-ке дейін) қояды.

      33. "Б" корпусының қызметшілерін бағалау олардың бағаланатын кезеңде функционалдық міндеттерін орындау кезінде қол жеткізген нәтижелерінің деңгейі мен орындалған жұмыстың көлемі мен күрделілігі ескере отырып, мынадай параметрлер бойынша айқындалады:

      функционалдық міндеттерді орындау сапасы;

      тапсырмаларды орындау мерзімдерін сақтау;

      дербестік және бастамашылық;

      еңбек тәртібі.

4-тарау. 360 әдісі бойынша бағалау тәртібі

      34. 360 әдісі бойынша бағалау жылына бір рет ақпараттық жүйеде жасырын жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.

      Құрылымдық бөлімшелердің (мемлекеттік органның) басшылары үшін 360 әдісі бойынша бағалау үлгілік Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, "Б" корпусының қызметшілері үшін үлгілік Әдістеменің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      35. 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамдардың санаттарына байланысты мынадай құзыреттер бағаланады:

      құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін:

      қызметті басқару;

      тиімді коммуникацияларды құру;

      әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану;

      өзгерістерді басқару;

      нәтижеге бағдарлану;

      дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары;

      топты басқару;

      көшбасшылық қасиеттер;

      ынтымақтастық;

      жеделділік;

      өзін-өзі дамыту;

      бастамшылдық;

      "Б" корпусының қызметшілері үшін:

      тиімді коммуникацияларды құру;

      әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану;

      өзгерістерді басқару;

      нәтижеге бағдарлану;

      дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары;

      ынтымақтастық;

      жеделділік;

      өзін-өзі дамыту.

      36. Сауалнамаға қатысатын адамдардың саны әрбір бағаланатын адам үшін ақпараттық жүйемен немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметі дербес анықтайтын үш адамнан кем болмауы және жеті адамнан артық болмауы тиіс.

      Қызметшіні 360 әдісімен бағалауда оның өзін-өзі бағалауы көзделген. Бұл ретте қорытынды бағалауда өзін-өзі бағалау есепке алынбайды.

      Сауалнама алынатын адамдардың қатарына қосылады:

      1) тікелей басшы;

      2) бағалаушы адамға тікелей бағынатын "Б" корпусының қызметшісі;

      3) лауазымы бойынша бағаланушы адаммен бір деңгейде және олармен өзара тығыз жұмыс істейтін адамдар.

      37. Персоналды басқару қызметі 360 әдісі бойынша бағалау процесін басқарады, жеке есептерді жасайды және үлгілік Әдістеменің 7 және 8-қосымшаларына сәйкес нысандағы 360 бағалау нәтижелері бойынша кері байланыс ұсынуды ұйымдастырады. Персоналды басқару қызметімен біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстары тақырыптарын қалыптастыру кезінде 360 әдісімен бағалау қорытындылары, оның ішінде қызметшінің ең аз анықталған құзыреттері ескеріледі.

5-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі

      38. Бағалау процесіне бірыңғай тәсілді келісу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдар осы Әдістеменің 13-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.

      39. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап үш жұмыс күн ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды және және оның құрамын бекітеді.

      40. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күн ішінде осы Әдістеменің 13-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.

      41. Персоналды басқару қызметі калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.

      42. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді.

      Калибрлеу сессиясының қатысушылары бағалаушы адамның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін.

      Бағалауды түзетулер жоғарылау жағынан да, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін.

      Қорытынды баға калибрлеу сессиясы қатысушыларының басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның ақпараттық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      43. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланысты ұсынады.

      Кездесу кезінде мынадай мәселелер талқыланады:

      бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу;

      машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу;

      қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау.

      Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.

 
  "Маңғыстау облыстық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
"БЕКІТЕМІН"
мәслихат хатшысы
____________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші
әріптері)
күні _______________________
қолы _______________________

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары __________________________________ жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) _________________________

      Қызметшінің лауазымы: ____________________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________________

      __________________________________________________________________________

№ р/с

НМИ атауы

Қай мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді

Өлшем бірлігі

Жоспарлы мәні

Қол жеткізу мерзімдері

Түйінді нәтиже*




































      * Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер

      Қызметші Тікелей басшы ___________________________ ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _______________________ күні _______________________ қолы ____________________ қолы ____________________

 
  "Маңғыстау облыстық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
2-қосымша
Нысан
"БЕКІТЕМІН"
мәслихат хатшысы
____________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші
әріптері)
күні _______________________
қолы _______________________

НМИ бойынша бағалау парағы

      ____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, бағаланатын тұлғаның лауазымы) ___________________________________ (бағаланатын кезең)


р/с

НМИ атауы

Өлшем
бірлігі

Жоспарлы мәні

Нақты мәні

Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді



















      Бағалау нәтижесі __________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)

      Қызметші Тікелей басшы ___________________________ ___________________________ (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні) күні _______________________ күні _______________________ қолы ____________________ қолы ____________________

  "Маңғыстау облыстық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
3-қосымша
Нысан

Құзыреттер бойынша бағалау парағы _________________ жыл (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:______________________________________

№ р/с

Құзыреттер атауы

Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)

Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда)

1

Қызметті басқару



2

Ынтымақтастық



3

Шешім қабылдау



4

Жеделділік



5

Өздігінен даму



6

Қызметті тұтынушыға бағдарлану *



7

Қызметті тұтынушыларды хабарландыру *



8

Адалдық



9

Жауапкершілік



10

Бастамашылдық



11

Стресске орнықтылық



      *Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану" және "Қызметті тұтынушыларды хабарландыру" құзыреттері бойынша бағаланбайды.

      Қызметші Тікелей басшы ___________________________ ___________________________ (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні) күні _______________________ күні _______________________ қолы ____________________ қолы ____________________

  "Маңғыстау облыстық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
4-қосымша
Нысан

Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары

Құзыреттер атауы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты

Тиімді мінез-құлық индикаторлары

Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары

қызметтік басқару

 
D-1




Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді;



Бөлімшенің берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттайды және жағдай жасайды;



Бөлімше жұмысын басымдылығына қарай тиімді ұйымдастырады.



Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды;



Берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттамайды және жағдай жасамайды;



Бөлімше жұмысын басымдылығына мән бермей тиімсіз ұйымдастырады.

D-2;
D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы).




Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді;



Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді;



Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді;



Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етеді.



Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді;



Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді;



Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді;



Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді.

D-3;
D-4;
D-5.




Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды;



Басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді.;



Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады;



Белгіленген мерзімдерді сақтайды.



Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;



Сапасыз құжаттар әзірлейді;



Жедел жұмыс жасамайды;



Белгіленген мерзімдерді сақтамайды.

 
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 
D-1




Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарлайды;



Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады;



Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарды жүзеге асырады және ортақ нәтижеге қол жеткізеді.



Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды;



Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін кейбір қызметкерлердің әлеуетін пайдаланады;



Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарды жүзеге асыра алмайды және ортақ нәтижеге қол жеткізбейді.

 
D-2;
D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы).




Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады;



Бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды;



Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі;



Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.



Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады;



Бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды;



Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді;



Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды.

 
D-3;
D-4;
D-5.




Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді;



Мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады;



Талдау барысында пікір алмасады және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды.



Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді;



Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді;



Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды.

 
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ

 
D-1




Міндеттерді дұрыс бөле алады;



Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер туралы хабарлайды;



Шешім қабылдау барысында альтернативті ұсыныс жасайды;



Тиімді және жүйелі шешім қабылдайды;



Жеке тәжірибесіне, басқа да маңызды болып табылатын мәліметтерге негізделген шешім қабылдайды.



Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды;



Орын алуы мүмкін қауіптер туралы хабарламайды;



Шешім қабылдау барысында альтернативті ұсыныс жасамайды;



Тиімсіз және жүйесіз шешім қабылдайды;



Шешім қабылдау барысында тек өзінің жеке тәжірибесіне және көзқарасына сенеді.

D-2;
D-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы).




Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады;



Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады;



Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды;



Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды;



Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды.



Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды;



Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады;



Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді;



Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды;



Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді.

 
D-3;
D-4;
D-5.





Қажетті мәліметтерді таба алады;



Мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады;



Өзінің пікірін негіздей алады.




Қажетті мәліметтерді таба алмайды;



Мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды;



Негізсіз пікір білдіреді.

 
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ

 
D-1




Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескеріп, нақты міндеттер қоя алады;



Қызмет көрсетудің тиімді әдістерін біледі;



Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділілігін қамтамасыз етеді;



Қызмет тұтынушылардың қанағаттанушылығына талдау жүргізеді және қызмет көрсетуді жетілдірудің жолдарын қарастырады.



Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қоя алады;



Қызмет көрсетудің әдістері туралы шала-шарпы біледі;
Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділілігін қамтамасыз етпейді;



Көрсетілетін қызмет бойынша тұтынушылардың қанағаттанушылығына талдау жүргізбейді және қызмет көрсетуді жетілдірудің жолдарын қарастырмайды.

D-2;
D-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы).




Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді;



Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық дейгейін анықтауға жағдай жасайды;



Қызмет көрсетудің сапасын бақылайды, сондай-ақ жеке үлгі болу арқылы көрсетеді.



Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді;



Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық дейгейін анықтауға жағдай жасамайды;



Сапасыз қызмет көрсетуге жол береді, қызықпаушылық білдіреді.

 
D-3;
D-4;
D-5.




Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді;



Қызмет көрсетуге қанағаттанушылық деңгейін талдайды және оларды жетілдірудің жөнінде ұсыныстар енгізеді;



Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді.



Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді;



Тұтынушының сұрақтары мен мәселелеріне мән бермейді;



Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсенділік танытпайды.

ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ

 
D-1




Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы үнемі түсіндіреді;



Көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандырудың тиімді тәсілін құрастырады.



Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді;



Көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандырудың тиімсіз тәсілін құрастырады.

 
D-2;
D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы).




Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды;



Тұтынушыға ақпараттарды құрметпен және игілікпен жеткізеді;



Қызмет тұтынушыларының пікірін құрметтейді.



Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді;



Тұтынушыға ақпараттарды жеткізбейді немесе немқұрайлы және жақтырмай жеткізеді;



Қызмет тұтынушыларының пікірін елемейді.

D-3;
D-4;
D-5.




Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады;



Тұтынушыға ақпаратты қолжетімді ауызша және жазбаша түрде жеткізеді;



Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алады.




Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады;



Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді;



Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алмайды.

 
ЖЕДЕЛДІЛІК

 
D-1




Ұжымға жаңа басымдықтарды уақытылы жеткізеді;



Өзгерістерді уақтылы елеу үшін тиімді шаралар қабылдайды;



Бөлімшені тиімді басқарады және ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізеді;



Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдайды және басшылыққа енгізеді.



Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді;



Өзгерістерді уақтылы елеу үшін шаралар қабылдамайды немесе тиімсіз шаралар қабылдайды;



Бөлімшені тиімсіз басқарады және ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізбейді;



Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдамайды және басшылыққа енгізбейді.

 
D-2;
D-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы).




Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді;



Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;



Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді.



Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді;



Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды;



Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды.

 
D-3;
D-4;
D-5.




Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;



Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді;



Өзгеріс жағдайларында өзін -өзі бақылайды;



Өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді.



Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады;



Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді;



Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды;



Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді.

 
ӨЗДІГІНЕН ДАМУ

 
D-1




Үлгілі қызметкерлерді жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырып, енгізеді.



Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдайды;



Әріптестерімен жинақталған тәжірибесімен, білімімен бөліседі, сондай-ақ, олардың даму деңгейін анықтайды;



Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетеді;



Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды;



Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдамайды немесе жүйесіз шараларды қабылдайды;



Әріптестерімен жинақталған тәжірибесімен, білімімен бөліспейді, сондай-ақ, олардың даму деңгейін анықтамайды;



Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетуге көңіл бөлмейді.

 
D-2;
D-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы).




Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады;



Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды;



Бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды.



Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды;



Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды;



Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды.

 
D-3;
D-4;
D-5.




Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады;



Өзіндігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді;



Тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады.



Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды;



Өзіндігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды;



Өзінде бар дағдылармен шектеледі.

 
АДАЛДЫҚ

 
D-1




Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді;



Ұжымда мемлекеттік қызметтің әдептілік нормалары мен стандарттарына берілгендік деңгейін дамытады;



Басқалардың жетістіктерін мойындайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынады;



Әдептілік нормалардың бұзылғандығын елеп ескереді және анықтайды;



Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.



Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды біріктіреді.



Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді;



Мемлекеттік қызмет жолын ұстаушылық әркімнің жеке ісі деп есептейді;



Басқалардың жетістіктерін мойындамайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылауға жол береді;



Әдептілік нормалардың бұзылғандығын елеп ескермейді;



Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет танытпайды;



Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды біріктірмейді.

 
D-2;
D-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы).





Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды;



Ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды;



Жұмыста табандылық танытады;



Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады;



Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді;



Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.




Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді;



Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды;



Жұмыста табандылық танытпайды;



Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды;



Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді.

 
D-3;
D-4;
D-5.




Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді;



Өзінің жұмысын адал орындайды;



Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.




Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады;



Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді;



Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады.

 
СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ

 
D-1





Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.




Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

 
D-2;
D-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы).




Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.



Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

 
D-3;
D-4;
D-5.




Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.



Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

ЖАУАПКЕРШІЛІК

 
D-1




Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.



Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.

 
D-2;
D-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы).




Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.



Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.

 
D-3;
D-4;
D-5.




Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады.



Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады.

БАСТАМАШЫЛДЫҚ

 
D-1




Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады.



Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды.

 
D-2;
D-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы).




Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.



Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді.

 
D-3;
D-4;
D-5.




Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.



Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.

 
D-3;
D-4;
D-5.




Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.



Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.

 
  "Маңғыстау облыстық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
5-қосымша
Нысан
"БЕКІТЕМІН"
мәслихат хатшысы
____________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші
әріптері)
күні ________________________
қолы _______________________

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)

      ____________________________________________________________________ (бағалау мерзімі жыл) Бағалау нәтижелері

№ р/с

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.





2.





...





      Комиссия қорытындысы: ___________________________________________________

      Тексерілді:

      Комиссияның хатшысы: __________________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)

      Комиссияның төрағасы: ___________________________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы)

      Комиссияның мүшесі: ___________________________________ Күні: ______________ (тегі, аты-жөні, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады