Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 9/114 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 тамыздағы № 19/219 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 тамызда № 3702 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 27/292 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 15.03.2019 № 27/292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 9/114 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3370 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 маусымда жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:

      8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда бұл қалдықтар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен қатысушы мәлімдеген баға бойынша сатылады;".

      2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е.Есенқосов
     
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Мееров


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық тұрғын үй

      коммуналдық шаруашылығы,

      жолаушы көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Әбілов Баймұрат Көбейұлы

      8 тамыз 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады