Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №69 "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 59 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 наурызда № 3549 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4 және 6 тармақтарына, Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 10-11-274 хатына сәйкес Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 69 "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2663 болып тіркелген, 2015 жылы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Шарқатбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Айтуаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Маңғыстау аудандық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      Озған Саттар Тұрашұлы

      "13" 03 2018 жыл

 
  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 13 наурыздағы
№ 59 қаулысына
1 қосымша

Маңғыстау ауданының аумағында сайлаулар өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Ауылдық округ, ауыл атаулары

Кездесу өткізілетін орын

Мекен-жайы, байланыс телефондары

1

Шетпе ауылы

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аудандық мәдениет үйі

Шетпе ауылы, Орталық алаң 8(72931) 21457

2

Ақтөбе ауылдық округі

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ұштаған ауылдық мәдениет үйі

Ұштаған ауылы 8(72959) 43851

3

Онды ауылдық округі

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Онды ауылдық мәдениет үйі

Онды ауылы 8(72931) 24734

4

Жармыш ауылы

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жармыш ауылдық мәдениет үйі

Жармыш ауылы 8(72931) 27348

5

Сайөтес ауылдық округі

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сайөтес ауылдық клубы

Сайөтес ауылы 8(72931) 45468

6

Жыңғылды ауылы

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жыңғылды ауылдық мәдениет үйі

Жыңғылды ауылы 8(72931) 24493

7

Отпан ауылдық округі

Маңғыстау ауданы әкімиятының "Тұщыбек негізгі орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Тұщыбек ауылы 8(72931) 28036

8

Шайыр ауылдық округі

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шайыр ауылдық мәдениет үйі

Шайыр ауылы (872931) 27704

9

Тұщықұдық ауылдық округі

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Тұщықұдық ауылдық мәдениет үйі

Тұщықұдық ауылы 8(72931) 41481

10

Шебір ауылдық округі

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шебір ауылдық клубы

Шебір ауылы 8(72931) 41712

11

Ақшымырау ауылы

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақшымырау ауылдық клубы

Ақшымырау ауылы 8(72931) 42587

12

Қызан ауылы

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызан ауылдық мәдениет үйі

Қызан ауылы 8(72931) 42065

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 13 наурыздағы
№ 59 қаулысына
2 қосымша 

Маңғыстау ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Шетпе ауылы

Орталық базар, муниципалдық сауда орталығы аумақтарындағы ақпараттық стендтер, Шетпе-1 және Қарашоқы шағын аудандарында орналасқан бильбордтар тұғыры

2

Сайөтес ауылдық округі, Сайөтес ауылы

"Өтес орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд

3

Жыңғылды ауылы

"Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд

4

Отпан ауылдық округі, Тұшыбек ауылы

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау облыстық Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты аумағындағы ақпараттық стенд

5

Шайыр ауылдық округі, Шайыр ауылы

"Тұрар Жалғасбайұлы атындағы Шайыр орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд

6

Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы

"С.Жанғабылов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд

7

Шебір ауылдық округі, Шебір ауылы

"Қаратөбе" орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд

8

Қызан ауылы

"Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимараттарындағы ақпараттық стендтер

9

Ақшымырау ауылы

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақшымырау ауылдық клуб ғимаратындағы ақпараттық стенд

10

Жармыш ауылы

"Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жармыш ауылдық мәдениет үйі, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимараттарындағы ақпараттық стендтер

11

Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы

"Асқар Өтепбергенов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд

12

Онды ауылдық округі, Онды ауылы

"Онды орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады