Әкімдіктің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 203 "2018 жылға субсидиялауға жататын нақты сатып алған, пайдаланған тұқымдардың шығындарын ішінара өтеуге арналған квоталарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 шілдедегі № 335 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 тамызда № 8005 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген) 15-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 203 "2018 жылға субсидиялауға жататын нақты сатып алған, пайдаланған тұқымдардың шығындарын ішінара өтеуге арналған квоталарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7800 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2018 жылғы 20 шілдедегі
№ 335 қаулысына
1-қосымша


  Әкімдіктің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 203 қаулысына
1-қосымша

Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының нақты сатып алған бірегей тұқымдарына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге арналған квоталар

Бірегей тұқымдарының барлығы, тонна

соның ішінде дақылдар бойынша, тонна

бидай

арпа

сұлы

асбұршақ

рапс

зығыр

1003,7

948,7

38

1

0,3

0,2

15,5

  Әкімдіктің
2018 жылғы 20 шілдедегі
№ 335 қаулысына
2-қосымша


  Әкімдіктің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 203 қаулысына
3-қосымша

Тұқым өсіру шаруашылықтарының және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің нақты сатып алған элиталық тұқымдарына жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге арналған квоталар

Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Элиталық тұқымдарының көлемі, тонна

Сорт жаңарту мен сорт алмастыру, %

Егіс алаңдарының құрылымы, мың гектар

бидай

17415,8

3,8

3487

арпа

1389,2

3,4

337

сұлы

445

7,1

62,3

тары

6

5,5

5,4

қарақұмық

26

3,0

12,4

дәнді-бұршақты дақылдар

408

3,0

75,5

күнбағыс

33

4,9

112,7

зығыр

229

3,0

253,5

мақсары

19

3,0

31,2

қыша

7,5

3,0

12,4

біржылдық шөптер

98

3,0

130,4

көпжылдық шөптер

11,7

3,0

26,1

картоп

291

4,0

3,68

Барлығы:

20379,2

3,8

4549,58

      Ескертпе: сорт жаңарту мен сорт алмастырудың ғылыми негізделген нормалары 3 % кем емес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады