Мәслихаттың 2016 жылғы 20 мамырдағы № 27 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 277 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 қарашада № 8081 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2020 жылғы 19 тамыздағы № 427 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 19.08.2020 № 427 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 20 мамырдағы № 27 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6396 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 маусымда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларында:

      16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:

      1) өтiнiш берiлмеген болса;

      2) оларды өткiзу кезiнде "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда Лисаков қаласының әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылады.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 2-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы А. Демисенов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы С. Шалдыбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Лисаков қаласы әкімдігінің

      ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________ А. Мустафина

      2018 жылғы "10" қазан

  Мәслихаттың
2018 жылғы 10 қазандағы
№ 277 шешіміне
қосымша


  Жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына 2-қосымша

Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары

№ р/с

Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары

1.

Мир көшесі – Темірбаев көшесі бойынша алаң (Мир көшесі - Мәңгілік ел көшесі –Темірбаев көшесі бойынша алаң)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады