Денисов ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 122 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 шілдеде № 7991 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Денисов ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерi бекітілсін.

      2. "Денисов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) алынып тасталды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 20.01.2021 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын Денисов аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі Б. Нұрғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасы" мемлекеттік

      мекеменің басшысы

      _____________________ Б. Есенғұлов

      "13" шілде 2018 жыл

  Әкімдіктің
2018 жылғы 13 шілдедегі
№ 122 қаулысына
қосымша

Денисов ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерi

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 20.01.2021 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

1

KP-DS-1

"Денисовка-Заәйет"

2

KP-DS-2

"Денисовка-Некрасовка"

3

KP-DS-3

"Денисовка-Денисовка станциясы"

4

KP-DS-4

"Заәйет-Жалтыркөл"

5

KP-DS-5

"Заәйет-Әйет"

6

KP-DS-6

"Денисовка-Гришенка"

7

KP-DS-7

"Заәйет-Свердловка"

8

KP-DS-8

"Заәйет-Фрунзенское"

9

KP-DS-9

"Денисовка-Алшан"

10

KP-DS-10

"Свердловка-Подгорное"

11

KP-DS-11

"Приреченка-Аршалы"

12

KP-DS-12

"Аршалы-Набережное"

13

KP-DS-13

"Қырым-Озерное"

14

KP-DS-14

"Перелески-Қырым"

15

KP-DS-15

"Денисовка-Покровка"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады