Мәслихаттың 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 86 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 16 қарашадағы № 206 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 қарашада № 8114 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 86 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7026 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі тоқсанына бір рет "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағында көзделген мерзімде ұсынады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Нысамбаев
      Жангелдин
аудандық мәслихатының хатшысы
С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Жангелдин ауданының

      жұмыспен қамту және

      әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ Л. Зейнекина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады