"Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 қарашада № 8084 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қараменді ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы мекенжайы бойынша орналасқан жылыту трассасын тарту үшін алаңы 0,3700 гектар жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.

      2. "Науырзым ауданы Қараменді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарамеңді ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
Н. Ольшанецкая

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады