Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 192 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 7959 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 17 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 03.02.2020 № 17 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2016 жылғы 6 сәуірдегі 46-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 164 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, аудандық бюджет қаражатының есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6469 тіркелген, 2016 жылғы 30 маусымда "Маяк" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Таран ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Испергенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Таран аудандық

      мәслихатының хатшысы

      ____________ С. Сапабеков

      2018 жылғы 28 маусым

  Әкімдіктің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 192 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      1. мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;

      2. бөлімшенің басшысы, клиникалық және параклиникалық бөлімшенің меңгерушісі;

      3. барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      4. акушер;

      5. диеталық мейіргер;

      6. тіс дәрігері (дантист);

      7. мейірбике (мейіргер);

      8. қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      9. зертханашы (медициналық);

      10. провизор (фармацевт);

      11. психолог маман;

      12. рентген зертханашысы;

      13. әлеуметтік қызметкер;

      14. фельдшер;

      15. медициналық тіркеуші;

      Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      16. аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      17. аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      18. әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      19. әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      20. жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      21. қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      22. психоневрологиялық аурулары бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      Білім мамандарының лауазымдары:

      23. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      24. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) басшысы;

      25. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      26. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана басшысы (меңгерушісі);

      27. мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      28. әлеуметтік педагог;

      29. қосымша білім беретін педагог;

      30. педагог-психолог;

      31. ұйымдастырушы педагог;

      32. зертханашы;

      33. психолог;

      34. тәрбиелеуші;

      35. музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      36. тәлімгер;

      37. әдіскер (негізгі қызметтердің);

      38. мейірбике;

      39. логопед;

      40. емдәмдік мейірбике;

      41. дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

      42. хореограф (негізгі қызметтердің);

      43. кітапханашы;

      Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      44. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      45. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      46. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      47. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның концерттік зал меңгерушісі (басшысы);

      48. музыкалық жетекші;

      49. барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      50. хореограф;

      51. дыбыс режиссері;

      52. режиссер;

      53. қоюшы режиссер;

      54. аккомпаниатор;

      55. концертмейстр;

      56. мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      57. кітапханашы;

      58. библиограф;

      59. редактор (негізгі қызметтер);

      60. барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      61. қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі;

      Спорт мамандарының лауазымдары:

      62. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      63. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      64. әдіскер;

      65. жаттықтырушы-оқытушы;

      66. медициналық бике;

      Ветеринария мамандарының лауазымдары:

      67. мал дәрігері;

      68. ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады