Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 1 "Новоильинов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 7653 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) сәйкес, Новоильинов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 1 "Новоильинов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-169 тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырдағы "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      6-тармақ алынып тасталсын;

      9-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) атаусыз № 6 көшесіне – Карьерная көшесі.".

      2. "Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Новоильинов ауылдық
округі әкімінің міндетін атқарушы
Л. Уралева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады