Павлодар облысы Павлодар ауданының Березовка ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 2 және Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 210/20 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 ақпанда № 5845 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қарашадағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округінің "Березовка" ауылы "Үміт апа" ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      Сессия төрағасы М. Стрелковская
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады