Павлодар облысы Баянауыл ауданының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 7 және Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 257/24 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қазанда № 6089 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 12 шілдедегі облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы Баянауыл ауданының келесі елді мекендері:

      Сәтбаев ауылдық округінің "Теңдік" ауылы "Мұса Шорман" ауылы болып;

      Сәтбаев ауылдық округінің "Қараащы" ауылы "Қаныш Сәтбаев" ауылы болып;

      Жаңажол ауылдық округінің "Жаңажол" ауылы "Мәшһүр Жүсіп" ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      Сессия төрағасы Қ. Әбішев
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова

О переименовании некоторых населенных пунктов Баянаульского района Павлодарской области

Совместное постановление акимата Павлодарской области от 26 сентября 2018 года № 7 и решение маслихата Павлодарской области от 26 сентября 2018 года № 257/24. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 26 октября 2018 года № 6089

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", подпунктом 4) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", учитывая мнение населения соответствующих территорий и на основании заключения областной ономастической комиссии от 12 июля 2018 года, акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Переименовать следующие населенные пункты Баянаульского района Павлодарской области:

      село "Тендик" Сатпаевского сельского округа в село "Мұса Шорман";

      село "Караащи" Сатпаевского сельского округа в село "Қаныш Сәтбаев";

      село "Жанажол" Жанажольского сельского округа в село "Мәшһүр Жүсіп".

      2. Контроль за исполнением настоящих постановления и решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по вопросам обеспечения прав и законных интересов граждан.

      3. Настоящие постановление и решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Павлодарской области Б. Бакауов
      Председатель сессии К. Абишев
      Секретарь областного маслихата Б. Бексеитова