Павлодар қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 1376/27 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 6206 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Павлодар қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының Полиция департаменті Павлодар қаласының Полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң аппарат басшысы С. Қ. Ермекбаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Ә. Күмпекеев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігінің Павлодар облысының
      Полиция департаменті
      Павлодар қаласының
      Полиция басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Байбуринов
      2018 жылғы "27" желтоқсан

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "28" желтоқсан
№ 1376/27 қаулысына
қосымша

Павлодар қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi

      1. Азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы беру;

      4) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы орган айқындайтын өзге де шаралар болып табылады.

      2. Азаматтарды көтермелеудiң тәртiбi:

      1) қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi қалалық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды;

      2) қоғамдық тәртiптi сақтауға белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының Полиция департаменті Павлодар қаласының Полиция басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Павлодар қаласының ПБ) енгiзедi;

      3) комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады;

      4) Павлодар қаласының ПБ ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi;

      5) қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу шараларын Павлодар қаласының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

      Ақшалай сыйақының мөлшері 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады