Ақтоғай ауданы Разумовка ауылдық округінің елді мекендеріндегі кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Разумовка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 6144 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Разумовка ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссияның қорытындысы негізінде, Разумовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай ауданы Разумовка ауылдық округінің елді мекендерінің келесі көшелері:

      1) Андриановка ауылы бойынша:

      "Комсомольская" көшесі "Достық" көшесі;

      "Школьная" көшесі "Мектеп" көшесі;

      "Невская" көшесі "Мереке" көшесі болып қайта аталсын.

      2) Разумовка ауылы бойынша:

      "Мира" көшесі "Береке" көшесі болып қайта аталсын.

      3) Барлыбай ауылы бойынша:

      "Ленина" көшесі "Орталық" көшесі;

      "Комсомольская" көшесі "Жас Ұлан" көшесі;

      "Ленинградская" көшесі "Достық" көшесі;

      "Школьная" көшесі "Мектеп" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Разумовка ауылдық
      округінің әкімі О. Абельдинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады