Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 3/6 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 шілдедегі № 3/31 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 тамызда № 6045 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 4/51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 06.12.2019 № 4/51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 шілдедегі "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Качир ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 3/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 10-тармағындағы 3) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "осы Қағидалардың 9-тармағының 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде тексерілу және емделу үшін уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, мүгедектік туралы анықтама, медициналық мекеменің емделу курсын алғаны туралы растау - анықтамасы қоса берумен жазған өтініш негізінде;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала мен заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Ахменова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Баяндинов

О внесении дополнения в решение Качирского районного маслихата от 27 июля 2016 года № 3/6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Качирского района"

Решение маслихата Качирского района Павлодарской области от 27 июля 2018 года № 3/31. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 24 августа 2018 года № 6045. Утратило силу решением маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 6 декабря 2019 года № 4/51 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 06.12.2019 № 4/51 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Качирский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Качирского районного маслихата от 27 июля 2016 года № 3/6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Качирского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5215, опубликованное 26 августа 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Качирского района, утвержденных указанным решением, в пункте 10 подпункт 3) дополнить абзацем следующего содержания:

      "для категорий, указанных в абзаце третьем подпункта 6) пункта 9 настоящих Правил на обследование и лечение в размере 10 МРП на основании заявления в уполномоченный орган с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 2) пункта 15 настоящих Правил, справки об инвалидности, справки-подтверждения медицинского учреждения о получении курса лечения;".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по социальной сфере и законности.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Ахменова
      Секретарь районного маслихата С. Баяндинов