Лебяжі ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 наурыздағы "Лебяжі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 1-04/1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 ақпанда № 5858 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 1-04/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімінің 24.01.2019 № 1-04/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабы 1, 2-тармақтарына сәйкес, Лебяжі ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Лебяжі ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 наурыздағы "Лебяжі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3750 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 сәуірде аудандық "Аққу үні" - "Вести Акку" газеттерінде, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) № 1 шешімінің қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:

      № 348 сайлау учаскесі алынып тасталсын;

      № 334 сайлау учаскесінде "Южная" сөзі "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" сөздері мен цифрларына ауыстырылсын;

      № 349 сайлау учаскесінде "Степная" сөзі "Ынтымақ" сөзіне, "30 лет Целины" цифрлары мен сөздері "Ұлы Жеңіс" сөздеріне, "Энтуазиастов" сөзі "Конституция" сөзіне ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Т.Кобайдаровқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Әйткенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Лебяжі аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрайымы Г. Калиева
      2018 жылғы "31" қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады