Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 138/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 124/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 наурызда № 5923 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 138/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 болып тіркелген, 2014 жылдың 28 ақпанында "Апта айнасы" және "Сельские будни" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7 тармақта:

      8) тармақшасы "атаулы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алатындар санынан кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, аз қамтамасыз етілген көп балалы аналар" жаңа редакцияда баяндалсын;

      10) тармақшасының төртінші абзацы "облыс бойынша белгіленген күнкөрістік шамадан алпыс пайыздан төмен кірістері бар, аз қамтамасыз етілген отбасылар" жаңа редакцияда баяндалсын;

      10) тармақшасында бірінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;

      9 тармақтағы 2) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Елгонденов
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова

О внесении изменений в решение Успенского районного маслихата от 30 января 2014 года № 138/31 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Успенского района Павлодарской области от 5 марта 2018 года № 124/27. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 19 марта 2018 года № 5923. Утратило силу решением Успенского районного маслихата Павлодарской области от 12 апреля 2021 года № 27/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Успенского районного маслихата Павлодарской области от 12.04.2021 № 27/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Успенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Успенского районного маслихата от 30 января 2014 года № 138/31 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3706, опубликованное в газетах "Апта айнасы" и "Сельские будни" от 28 февраля 2014 года) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      в пункте 7:

      подпункт 8) изложить в новой редакции "малообеспеченные многодетные матери, имеющие четырех и более несовершеннолетних детей из числа получателей государственной адресной социальной помощи";

      абзац четвертый подпункта 10) изложить в новой редакции "малообеспеченные семьи, с доходами ниже шестидесяти процентов от установленной по области величины прожиточного минимума";

      в подпункте 10) абзацы первый и шестой исключить;

      абзац второй подпункта 2) пункта 9 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по экономике и бюджету.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Елгонденов
      Секретарь районного маслихата Р. Бечелова