Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 05 "Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 03 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қарашада № 1512 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 11.04.2019 № 2 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабының 1, 2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі "Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" № 05 шешіміне (Алматы қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1027 болып 2014 жылғы 23 сәуірде тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 49-51 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі № 49-50 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің қосымшасында № 300, 301, 489, 490, 491, 493 сайлау учаскелері орталығының атауы, осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында жазылсын;

      2) көрсетілген шешімнің қосымшасында № 225, 228, 229, 230, 232, 233, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 246, 249, 250, 251, 252, 253, 255, 261, 262, 274, 291, 292, 293, 298, 299, 300, 301, 489, 490, 491, 493 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

      3) көрсетілген шешімнің қосымшасына осы шешімнің № 3 қосымшасына сәйкес жаңадан ашылған № 555, 556, 557, 558, 559 сайлау учаскелерімен толықтырылсын.

      2. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, тіркелгеннен кейін ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Бостандық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Ж. Алияроваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Рақымбетов

  Алматы қаласы
Бостандық ауданы әкімінің
2018 жылғы 22 қарашасындағы
№ 03 шешіміне № 1 қосымша

№ 300 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Алмагүл шағынауданы, 42 үй, "№ 125 жалпы білім
беретін мектеп" КММ, телефоны: 396-47-48, 396-47-70 № 301 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Алмагүл шағынауданы, 42 үй, "№ 125 жалпы білім
беретін мектеп" КММ, телефоны: 396-47-48, 396-47-70 № 489 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Ерменсай шағынауданы, (Желтоксан) Жәңгір хан көшесі,
18 үй "№ 183 жалпы білім беретін мектеп" КММ, телефоны: 386-72-15, 380-93-85 № 490 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Алатау шағынауданы, Қазыбек Тауасарұлы (Тәуелсіздік)
көшесі, 33 үй, "№ 189 жалпы білім беретін мектеп" КММ, телефоны: 298-78-70,
298-64-38 № 491 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Алатау шағынауданы, Қазыбек Тауасарұлы (Тәуелсіздік)
көшесі, 83 үй, "Алатау" дәрігерлік амбулаториясы, телефоны: 298-79-31, 297-70-81 № 493 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Ремизовка шағынаудан, Жансая (Көктем) көшесі,
1А үй, "Көктем" санаторийі, телефоны: 380-34-68

  Алматы қаласы
Бостандық ауданы әкімінің
2018 жылғы 22 қарашасындағы
№ 03 шешіміне № 2 қосымша

№ 225 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-2 шағынауданы, 25 үй, "№ 68
мектеп-гимназиясы" КММ, телефоны: 229-27-55, 265-79-65

      Шекарасы: Біржан көшесінен бастап, Навои көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай, Орбита-2 шағынауданының 1, 2, 6 үйлерді қоса және Орбита-2 шағынаудандағы 10 үйді есептемегенде әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылынан бастап, Дулати көшесінің бойымен (шығыс жағы) Хан-Тәңірі шағынауданын, Свежесть, Энергия, Энергия-1, Энергия-2, Энергия-3 бау-бақша шаруашылығы бірлестіктерін қоса есептегенде Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (батыс жағы) солтүстікке қарай, Витебская көшесінің (екі жағы) бойындағы үйлерді қоса, Навои көшесінің 314Б үйінің бұрышына дейін, 314Б үйдің бұрышынан бастап (оңтүстік жағы) батысқа қарай Навои көшесіндегі 310 үйді есептемегенде Навои көшесіне дейін.

№ 228 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-1 шағынауданы, 41 үй, "№ 60 гимназия"
КММ, телефоны: 265-48-87, 265-43-88

      Шекарасы: Навои көшесінен бастап Торайғыров көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай, Орбита-1 шағынауданындағы 1, 2, 3 үйлерді және Навои көшесіндегі (солтүстік жағы) 208/2, 208/4, 208/7, 208/8, 210/3 үйлерді қоса есептегенде Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Навои көшесіндегі 310 үйдің бұрышына дейін, Навои көшесіндегі 314 үйді қоса есептегенде, Навои көшесіндегі 310 үйдің бұрышынан (шығыс жағы) солтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін.

№ 229 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-1 шағынауданы, 41 үй, "№ 60 гимназия"
КММ, телефоны: 265-48-87, 265-43-88

      Шекарасы: Орбита-1 шағынауданындағы 4, 5, 6, 7, 8, 8Б, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 29, 30, 32, 34, 35, 36, 37, 38 үйлер.

№ 230 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Каблуков көшесі, 88 үй, "№ 63 жалпы білім
беретін мектеп" КММ, телефоны: 395-62-00, 376-59-20

      Шекарасы: Өтепов көшесінен бастап Радостовец көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Журавлев көшесіне дейін, Журавлев көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Розыбакиев көшесіне дейін, Розыбакиев көшесіндегі 266 үйді қоса, Розыбакиев көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүтікке қарай Байқадамов көшесіне дейін, Байқадамов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Каблуков көшесіне дейін, Каблуков көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Каблуков көшесіндегі 129/2 үйдің бұрышына дейін, Каблуков көшесіндегі 123, 129, 129/1, 129/3, 129А үйлерді есептемегенде, әрі қарай 129/2 үйдің бұрышынан (солтүстік жағы) батысқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Өтепов көшесіне дейін, Каблуков көшесіндегі 31-ден 87-ге дейінгі үйлерді және Өтепов көшесіндегі (солтүстік жағы) 33, 35, 37 үйлерді қоса, Өтепов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Радостовец көшесіне дейін.

№ 232 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Каблуков көшесі, 133 үй, Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ
ұлттық өнер академиясының жанындағы колледж-интернат, телефоны: 395-12-48

      Шекарасы: Үлкен Алматы өзенінен бастап Каблуков көшесіндегі 117 үйдің жанынан шығысқа қарай, Каблуков көшесіндегі 123, 129, 129/1, 129/2, 129/3 үйлерді қоса Каблуков көшесіндегі 129/2 үйдің бұрышына дейін, 129/2 үйдің бұрышынан (шығыс жағы) солтүстікке қарай Березовский көшесіне дейін, Березовский көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Тәжібаева Патшайым көшесіне дейін, Тәжібаева Патшайым көшесінен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Ходжанов көшесіне дейін, Ходжанов көшесінің бойымен екі жағында қоспай шығысқа қарай Гагарин даңғылына дейін, Гагарин даңғылының бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Есқараев көшесіне дейін, Есқараев көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Тәжібаева Патшайым көшесіне дейін, Тәжібаева Патшайым көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Каблуков көшесіне дейін, Каблуков көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін, Торайғыров көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Каблуков көшесіндегі 117 үйдің бұрылысына дейін.

№ 233 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-1 шағынауданы, 41 үй, "№ 60 гимназия" КММ,
телефоны: 265-48-87, 265-43-88

      Шекарасы: Орбита-1 шағынауданындағы 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 31, 33 және Орбита-3 шағынауданндағы 2, 3, 4 үйлер.

№ 238 Сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-3 шағынауданы, 55 үй, "№ 45 жалпы білім
беретін мектеп" КММ, телефоны: 229-33-64, 249-90-44

      Шекарасы: Орбита-3 шағынауданындағы 1, 5, 6, 7, 7А, 8, 13, 16, 19, 20, 21, 22, 24, 25.

№ 239 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28 үй, "Халықаралық білім
беру корпорациясы" акционерлік қоғамы (Қазақ бас сәулет құрылыс
академиясының оқу корпусы), телефоны: 309-73-18

      Шекарасы: Рысқұлбеков көшесінен бастап Щепкин көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін, Эйлер көшесінің бойындағы барлық үйлерді қоса және Щепкин көшесіндегі 39 үйді Торайғыров көшесінің бойымен (солтүстік жағы) Саин көшесіне дейін, Торайғыров көшесіндегі 11А, 11/39,13, 15, 21, 25, 27, 29, 39, 41, 43, 45, 45А, 47, 49, 51, 53 үйлерді қоспай, Саин көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Рысқұлбеков көшесіне дейін, Рысқұлбеков көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Щепкин көшесіне дейін.

№ 240 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28 үй, "Халықаралық білім беру
корпорациясы" акционерлік қоғамы (Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының
оқу корпусы), телефоны: 309-63-06

      Шекарасы: Саин көшесінен бастап Рысқұлбеков көшесінің бойымен шығысқа қарай Рысқұлбеков көшесіндегі 34 үйге дейін, 34 үйден бастап оңтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін, Торайғыров көшесіндегі 11А, 11/39, 13, 15, 21, 25, 27, 29, 39, 41, 45, 45В, 47, 49, 51, 53 үйлерді, Щепкин көшесіндегі 39 үйді қоса алғанда, Торайғыров көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Саин көшесіне дейін, Саин көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Рысқұлбеков көшесіне дейін.

№ 241 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 20 үй, "№ 37 жалпы білім
беретін мектеп" КММ, телефоны: 265-19-91, 227-68-99

      Шекарасы: Щепкин көшесінен бастап Рысқұлбеков көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Навои көшесіне дейін, Навои көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Тоқтабаев көшесіне дейін, Тоқтабаев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Навои көшесіндегі 208/2, 208/4, 208/7, 208/8, 210/3 үйлерді қоспай Торайғыров көшесіне дейін, Торайғыров көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Щепкин көшесіне дейін, Щепкин көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Эйлер көшесінің бойындағы барлық үйлерді қоспай Рысқұлбеков көшесіне дейін.

№ 242 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 135А үй,
"№ 94 мектеп-гимназиясы" КММ, телефоны: 392-05-50, 392-00-59

      Шекарасы: Абай даңғылынан бастап Жароков көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Жандосов көшесіне дейін, Жароков көшесінің бойындағы 169 үйді қоспай, Жандосов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Айманов көшесіне дейін, Айманов көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай, Сәтбаев көшесіндегі 62, 62А үйлерді қосып, ал Сәтбаев көшесіндегі 54, 56 үйлерді қоспай Абай даңғылына дейін, Абай даңғылының бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Жароков көшесіне дейін.

№ 243 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 69 үй, "№ 22 мектеп-гимназиясы"
КММ, телефоны: 392-05-72, 392-05-71

      Шекарасы: Абай даңғылынан бастап Айманов көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін, Сәтбаев көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Гагарин даңғылына дейін, Гагарин даңғылының бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Солодовников көшесіне дейін, Солодовников көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Розыбакиев көшесіне дейін Солодовников көшесіндегі 21 үйді қоспай, Розыбакиев көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Абай даңғылына дейін, Розыбакиев көшесіндегі 136 үйді қоспай, Абай даңғылының бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Айманов көшесіне дейін.

№ 244 Сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 135А үй, "Әділет" колледжі,
телефон 392-02-70

      Шекарасы: Жандосов көшесінен бастап Радостовец көшесінің бойымен (батыс жағы) солтүстікке қарай Радостовец көшесіндегі 152Е, 152Ж және 177-ден 183-ке дейінгі үйлерді қоспай, Солодовников көшесіне дейін, Солодовников көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Солодовников көшесіндегі 21 үйді қоса Гагарин даңғылына дейін, Гагарин даңғылының бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Сәтпаев көшесіне дейін, Сәтпаев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай, Сәтпаев көшесіндегі 62, 62А үйлерді қоспай, Сәтбаев көшесіндегі 54,56 үйлерді қоса отырып Айманов көшесіне дейін, Айманов көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Жандосов көшесіне дейін, Жандосов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Радостовец көшесіне дейін.

№ 246 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 101 үй, "№ 65 жалпы білім
беретін мектеп" КММ, телефоны: 392-87-47, 392-87-28

      Шекарасы: Солодовников көшесінен бастап Егізбаев көшесінің бойымен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай және одан әрі (солтүстік жағы) шығысқа қарай өтпелі жол бойымен Розыбаекиев көшесіне дейін, Розыбакиев көшесінің бойымен (батыс жағы) солтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін, Сәтбаев көшесіндегі (солтүстік жағы) 89, 93, 95, 97 үйлерді және Розыбакиев көшесіндегі 136 үйді қоса Егізбаев көшесіне дейін, Егізбаев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Солодовников көшесіне дейін.

№ 249 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 257 үй, "Алматы
электромеханикалық колледжі" КМҚК, телефоны: 376-62-70, 391-07-89

      Шекарасы: Үлкен Алматы өзенінен бастап, Сәтбаев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Қарасу өзеніне дейін, Қарасу өзенінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Тұрғыт Өзал көшесіндегі 324 үйге дейін, осы үйді қоса, 324 үйден бастап (солтүстік жағы) батысқа қарай Түркебаев көшесіндегі 263 үйдің және Тұрғыт Өзал көшесіндегі 303 үйдің жанынан Брусиловский көшесіндегі 236 үйге дейін, осы үйді қоса отырып, 236 үйден (солтүстік жағы) батысқа қарай Брусиловский көшесіндегі 238, 281А үйлердің және Айвазовский көшесіндегі 168, 175 үйлерді бойлай Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін.

№ 250 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 205 үй, "М.Ганди атындағы
№ 92 мамандандырылған лицейі" КММ, телефоны: 393-35-02, 248-30-40

      Шекарасы: Назарбаев даңғылынан бастап, әл-Фараби даңғылымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Володарский көшесіне дейін, Володарский көшесімен (шығыс жағы)солтүстікке қарай Попов көшесіне дейін, Попов көшесімен (солтүстік жағы) батысқа қарай Попов көшесіндегі 1А үйді қоспай Минусинская көшесіне дейін, Минусинская көшесімен (екі жағы) солтүстікке қарай Минусинский көшесіндегі № 23 үйді қоспай, Тимирязев көшесіне дейін, Тимирязев көшесінен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Керемет шағынауданындағы 1, 3, 5 үйлерді қоспай Республика алаңына дейін, Республика алаңы шекарасымен (оңтүстік-шығыс жағы) оңтүсиікке қарай Назарбаев даңғылына дейін, Назарбаев даңғылымен (батыс жағы) солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.

№ 251 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Марков көшесі, 28Б үй, "№ 21 гимназия" КММ,
телефоны: 264-47-46, 386-93-28

      Шекарасы: Тимирязев көшесінен бастап Минусинская көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Попов көшесіне дейін, Минусинская көшесіндегі 23 үйді қоса, Попов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Володарский көшесіне дейін, Володарский көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай бальзак көшесіндегі 65 үйді қоспай Бальзак көшесіне дейін, Бальзак көшесінің бойымен (екі жағы) солтүстікке қарай Тимирязев көшесіне дейін, Бальзак көшесіндегі 2А үйді қоспай, Тимирязев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Тимирязев көшесіндегі 30А, 32А, 32Б үйлерді қоспай Минусинская көшесіне дейін.

№ 252 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Шашкин көшесі, 14 үй, Алматы Энергетика
және байланыс университеті (жатахана), телефоны: 262-08-24

      Шекарасы: Қасымов көшесінен әл-Фараби даңғылымен (солтүстік жағы) батысқа қарай әл-Фараби даңғылындағы 65 үйді қоса Есентай өзеніне дейін, Есентай өзенінен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Шашкин көшесіндегі 9, 9А, 9Б, 9В, 13 үйлерді қоспай Тимирязев көшесіне дейін, Тимирязев көшесімен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Қасымов көшесіне дейін, Қасымов көшесімен (екі жағы) оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.

№ 253 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22В үй, "Қ. Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті", телефоны: 292-67-38

      Шекарасы: Байтұрсынұлы көшесінен Ғабдуллин көшесімен (солтүстік жағы) батысқа қарай Ғабдуллин көшесіндегі 9 үйді қоспай, Марков көшесіне дейін, Марков көшесімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Римский-Корсаков көшесіндегі 3 үйді қоспай Бұқар жырау бульвәріна дейін, Бұқар жырау бульвәрінан (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Байтұрсынұлы көшесіне дейін, Байтұрсынұлы көшесімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін, Сәтбаев көшесімен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Сәтбаев көшесіндегі 22В үйді қоспай Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Ғабдуллин көшесіндегі 1,3 үйлерді қоспай Тимирязев көшесіне дейін, Тимирязев көшесінен (солтүстік жағы) батысқа қарай Керемет шағынауданындағы 1, 3, 5, 7 үйлерді қоса Байтұрсынұлы көшесіне дейін, Байтұрсынұлы көшесімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Ғабдуллин көшесіне дейін.

№ 255 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 3А үй, "№ 23 мектеп-гимназия"
КММ, телефоны: 255-86-78, 255-85-38

      Шекарасы: Абай даңғылынан Желтоқсан көшесімен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Тимирязев көшесіне дейін, Желтоқсан көшесіндегі 177А, 177Б үйлерді және Абай даңғылындағы 24 үйді қоспай, Тимирязев көшесімен (солтүстік – батыс жағы) оңтүстік-батысқа қарай Керемет шағынауданндағы 7 үйді қоспай Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Сейфуллин даңғылындағы 546 үйді қоспай Абай даңғылына дейін, Абай даңғылымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін.

№ 261 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Мүсірепов көшесі, 23 үй, "№ 51 мектеп-гимназия"
КММ, телефоны: 394-99-55, 394-99-70

      Шекарасы: Көктем-1 шағынауданы 1, 1А, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 45, 46 үйлер.

№ 262 cайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 48 үй, "Орталық стадион"
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, телефоны: 292-47-10

      Шекарасы: Абай даңғылынан бастап Байтұрсынұлы көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Бұқар жырау бульвәріна дейін, Бұқар жырау бульвәріның бойымен (солтүстік жағы) оңтүстік-шығысқа қарай Марков көшесіне дейін, Марков көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Марков көшесіндегі 13 үйді қоспай Ғабдуллин көшесіне дейін, Ғабдуллин көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Көктем-1 шағынауданындағы 46 үйді қоспай Қасымов көшесіне дейін, Қасымов көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Көктем-1 шағынауданындағы 25, 26, 27, 30, 30А үйлерді қосып Шагабутдинов көшесіне дейін, Шагабутдинов көшесімен (солтүстік жағы) батысқа қарай Есентай өзеніне дейін, Есентай өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Абай даңғылына дейін, Абай даңғылының бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Байтұрсынұлы көшесіне дейін.

№ 274 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 101 үй, "№ 65 жалпы білім
беретін мектеп" КММ, телефоны: 392-87-47

      Шекарасы: Қарасу өзенінен бастап Сәтбаев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Сәтбаев көшесіндегі 76А, 78, 80, 80А үйлерді қоса Егізбаев көшесіне дейін, Егізбаев көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Тәжібаева Патшайым көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Тәжібаева Патшайым көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Жандосов көшесіндегі 35А үйге дейін, оны қоса, 35А үйден бастап (солтүстік жағы) батысқа қарай Лебедев көшесіндегі 68 үйдің және Вахтангов көшесіндегі 21 үйдің жанынан Қарасу өзеніне дейін, Лебедев көшесіндегі 70 үйді қоса, Қарасу өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін.

№ 291 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Радостовец көшесі, 367 үй, "М.В. Ломоносов
атындағы № 38 Қазақстан-Ресей гимназиясы", телефоны: 302-19-22, 247-56-66

      Шекарасы: Радостовец көшесінен бастап, Могилевская көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Гагарин даңғылына дейін, Гагарин даңғылының бойымен шығысқа қарай, Гагарин даңғылындағы 296 үйді қоса Дружба тұйық көшесіне дейін, Дружба тұйық көшесінің бойымен (екі жағы) оңтүстікке қарай Витебская көшесінің қиылысына дейін, Витебская көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Витебский көшесіндегі 10/1, 12В үйлерді қоспай Тропинин көшесіне дейін, Тропинин көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Гагарин даңғылына дейін, Гагарин даңғылының бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Қожабеков көшесіне дейін, Қожабеков көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Радостовец көшесіне дейін, Радостовец көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай, Қожабеков көшесіндегі 21 үйді қоса Могилевская көшесіне дейін.

№ 292 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Қазақфильм шағынауданы, 34 үй, "№ 88 жалпы
білім беретін мектеп" КММ, телефоны: 299-07-04

      Шекарасы: Жароков көшесінен бастап әл-Фараби даңғылының бойымен (оңтүстік жағы) оңтүстік-шығысқа қарай Қазақфильм шағынауданндағы 34Б үйдің бұрышына дейін, 34Б үйдің бұрышынан бастап, оны қоса отырып (батыс жағы) оңтүстікке қарай Бағанашыл шағынауданындағы Водопроводная көшесіндегі 8 үйді қоспай Бағанашыл шағынауданындағы Водопроводная көшесіне дейін, Бағанашыл шағынауданындағы Водопроводная көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Бағанашыл шағынауданындағы Строительная көшесіндегі 15, 18, 20 үйлерді қоспай Бағанашыл шағынауданындағы Сырғабеков көшесіне дейін, Бағанашыл шағынауданындағы Сырғабекова көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Алматинская Бос көшесіндегі 38, 39 үйлерді қоспай Қазахфильм шағынауданындағы Алматы көшесіне дейін, Қазахфильм шағынауданындағы Алматы көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Исеналиев көшесіне дейін, Исеналиев көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Алатау шағынауданындағы Мәртебе (Болашақ) көшесіне дейін, Алатау шағынауданындағы Мәртебе (Болашақ) көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылының бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Витебская көшесінің жұп сан жағындағы үйлерді қосып Жароков көшесіне дейін.

№ 293 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Қазақфильм шағынауданы, 15А үй, "№ 70 жалпы
білім беретін мектеп" КММ, телефоны: 299-24-02

      Шекарасы: Қазақфильм шағынауданындағы 8, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28 үйлер және Алматинская Бос көшесіндегі 38, 39 үйлер.

№ 298 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 311 үй, "№ 146 мектеп-лицейі"
КММ, телефоны: 302-18-97, 302-18-29

      Шекарасы: Гагарин даңғылынан бастап, Есқараев көшесімен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Алмагүл шағынауданындағы 6, 10 үйді қоспай, 9 үйді қосып Жароков көшесіне дейін, Жароков көшесімен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Дунаевский көшесіне дейін, Дунаевский көшесімен (солтүстік жағы) батысқа қарай Алмагүл 27 үйді қосып Гагарин даңғылына дейін, Гагарин даңғылымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай, Гагарин даңғылындағы 278, 280, 280А үйлерді қосып Есқараев көшесіне дейін.

№ 299 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 238А үй, "Қазақ өнеркәсіп
өнімдерін өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми зерттеу институты"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, телефоны: 396-04-26

      Шекарасы: Гагарин даңғылынан бастап Байқадамов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Жароков көшесіндегі 269, 269А, 271, 273, 273А үйлерді, Гагарин даңғылындағы 238В, 238Б үйлерді және Байқадамов көшесінің бойындағы 2В, 2Д үйлерді қоспай Жароков көшесіне дейін, Жароков көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Алмагүл шағынауданындағы 9 үйдің бұрышына дейін, 9 үйдің бұрышынан бастап (солтүстік жағы) батысқа қарай Алмагүл шағынауданындағы 1, 4, 5, 6, 10 үйлерді қоса Есқараев көшесіне дейін, Есқараев көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Гагарин даңғылындағы 278, 280, 280А үйлерді қоса Гагарин даңғылына дейін, Гагарин даңғылының бойымен (шығыс беті) солтүстікке қарай Байқадамов көшесіне дейін.

№ 300 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Алмагүл шағынауданы, 42 үй, "№ 125 жалпы білім
беретін мектеп" КММ, телефоны: 396-47-48, 396-47-70

      Шекарасы: Гагарин даңғылынан бастап Дунаевский көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай, Алмагүл шағынауданындағы 27 үйді қоспай Жароков көшесіне дейін, Жароков көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Дружба тұйық көшесіндегі 38 үйдің бұрышына дейін, 38 үйдің бұрышынан (солтүстік жағы) батысқа қарай Гагарин даңғылына дейін, Гагарин даңғылындағы 296 үйді қоспай Гагарин даңғылының бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Дунаевский көшесіне дейін.

№ 301 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Алмагүл шағынауданы, 42 үй, "№ 125 жалпы білім
беретін мектеп" КММ, телефоны: 396-47-48, 396-47-70

      Шекарасы: Ходжанов көшесінен бастап, Жароков көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Экспериментальная база көшесіне дейін, Экспериментальная база көшесіндегі 1А, 1Б үйлерді қоса оңтүстік-шығысқа қарай Ботаникалық бақ аумағының шекарасына дейін, әрі қарай Ботаникалық бақ аумағы шекарасының бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Ходжанов көшесіне дейін, Ходжанов көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Экспериментальная база көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Ходжанов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Жароков көшесіне дейін.

№ 489 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Ерменсай шағынауданы, (Желтоксан) Жәңгір хан көшесі,
18 үй "№ 183 жалпы білім беретін мектеп" КММ, телефоны: 386-72-15, 380-93-85

      Шекарасы: Арайлы көшесінен бастап оңтүстікке қарай Жәңгір хан (Желтоқсан) көшесінің бойымен Таужиегі, Бұлақты, Молшылык (Үшқоныр), Сандуғаш (Абай), Тастемір (Жерұйық) көшелерін қоспай Жәңгір хан (Желтоксан) көшесінің бойымен Тораңғы (Райымбек) көшесінен батысқа қарай Николай Пальгов (Сүйінбай) көшесіне дейін, Николай Пальгов (Сүйінбай) көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Труд-1, Картограф-2, Машиностроитель, Цветущий сад, Нефтяник, Алатау бау-бақша серіктестіктерін, Мичуринец-Ерменсай, Весна өндірістік кооперативтерін қоса Жәңгір хан (Желтоксан) көшесіне дейін.

№ 490 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Алатау шағынауданы, Қазыбек Тауасарұлы (Тәуелсіздік)
көшесі, 33 үй, "№ 189 жалпы білім беретін мектеп" КММ, телефоны: 298-78-70,
298-64-38

      Шекарасы: әл-Фараби даңғылынан Мәртебе (Болашак) көшесімен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Исеналиев көшесіне дейін, Исеналиев көшесімен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Тереңөзек (Казахстан) көшесіне дейін, Тереңөзек (Казахстан) көшесімен (солтүстік жағы) батысқа қарай Темірбек Қожакеев (Самал) көшесіне дейін, Темірбек Қожакеев (Самал) көшесімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылының бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Мәртебе (Болашақ) көшесіне дейін.

№ 491 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Алатау шағынауданы, Қазыбек Тауасарұлы (Тәуелсіздік)
көшесі, 83 үй, "Алатау" дәрігерлік амбулаториясы, телефоны: 298-79-31, 297-70-81

      Шекарасы: Темірбек Қожакеев (Самал) көшесінен бастап Дәнеш Рақышев (Кунаева) көшесінің бойымен (екі жағы) Еркеғали Рахмадиев (Ақиық) көшесіне дейін, Еркеғали Рахмадиев (Ақиық) көшесінің бойымен (екі жағы) оңтүстікке қарай Жұлдыз көшесіне дейін, Жұлдыз көшесінің бойымен (батыс жағы) батысқа қарай Темірбек Қожакеев (Самал) көшесіне дейін, Темірбек Қожакеев (Самал) көшесінің бойымен (екі жағы) Дәнеш Рақышев (Кунаева) көшесіне дейін.

№ 493 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Ремизовка шағынаудан, Жансая (Көктем) көшесі,
1А үй, "Көктем" санаторийі, телефоны: 380-34-68

      Шекарасы: Желтоксан көшесінен Арайлы көшесімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай, Таужиеги, Булақты, Молшылық (Үшкоңыр), Сандуғаш (Абай), Тастемір (Жерұйық) көшесін қоса, Шаңғы трамплиніне апаратын жол жиегіне дейін және әл-Фараби даңғылының жиегімен оңтүстікке қарай Ремизовка шағынауданының шығыс шекарасы бойымен, "Таулы қырат" (ПС-131) подстанцияның шығыс жағынан оның оңтүстіқ шекарасына дейін, "Таулы қырат" (ПС-131) подстанцияның оңтүстік шекарасынан оңтүстікке қарай төбенің жоғарғы жолымен 1196 м биіктікке дейін, 1196 м биіктіктен оңтүстік-батысқа қарай Ремизовка өзені арнасының қиылысына дейін, Ремизовка өзені арнасының қиылысынан оңтүстік бағытқа қарай Ақтөбе шағынауданының шығыс шекарасына дейін, "Горная Долина" коттедж қалашығының шығыс жағы шекарасынан Алатау көшесіне дейін, Алатау көшесінің оңтүстік шығыс жағынан Тораңғы (Райымбек) көшесінің шығыс беткейімен оңтүстікке қарай Алмалы көшесінің қиылысына дейін, Алмалы көшесі қиылысынан Тораңғы (Райымбека) көшесі жиегімен оңтүстік бағытқа қарай Алмалы көшесінің батыс шакарасымен, Аққайын шағынауданының батыс шекарасымен Ремизовка өзені арнасының қиылысына дейін.

  Алматы қаласы
Бостандық ауданы әкімінің
2018 жылғы 22 қарашасындағы
№ 03 шешіміне № 3 қосымша

№ 555 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Каблуков көшесі, 133 үй, Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ
ұлттық өнер академиясына жанындағы колледж-мектеп интернат,
телефоны: 395-12-48

      Шекарасы: Үлкен Алматы өзенінен бастап Торайғыров көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Каблуков көшесіне дейін, Каблуков көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Тәжібаева Патшайым көшесіне дейін, Тәжібаева Патшайым көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Есқараев көшесіне дейін, Есқараев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Гагарин даңғылына дейін, Гагарин даңғылының бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Могилевская көшесіне дейін, Могилевская көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Радостовец көшесіне дейін, Радостовец көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Қожабеков көшесіндегі 19, 21 үйлерді қоспай Розыбакиев көшесіне дейін, Розыбакиев көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Розыбакиев көшесіндегі 273 үйді және Құсайынов көшесіндегі 292 үйді қоса отырып Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін.

№ 556 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 257 үй, "Алматы
электромеханикалық колледжі" КМҚК, телефоны: 376-62-70

      Шекарасы: Жандосов көшесінен бастап, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Тілендиев көшесіндегі 327А үйге дейін, осы үйді қоса, 327А үйден бастап (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Тілендиев көшесіндегі 323 үйдің және Айвазовский көшесіндегі 166, 173 үйлердің жанынан, Брусиловский көшесіндегі 238, 281А үйлерді қоса Түркебаев көшесіндегі 263 үйге дейін, әрі қарай тұйық көшемен (оңтүстік жағы) Тұрғыт Өзал көшесінің қиылысына дейін, Тұрғыт Өзал көшесіндегі 303, 324 үйлердің және Лебедев көшесіндегі 70 үйдің жанынан Лебедев көшесіндегі 68 үйді қоса, Вахтангов көшесіндегі 21 үйді қоса және 17, 19 үйлерді қоспағанда әрі қарай тұйық көшемен Вахтангов көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай оңтүстік бағытпен Жандосов көшесіне дейін, Жандосов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін.

№ 557 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 311 үй, "№ 146 мектеп-лицейі"
КММ, телефоны: 302-18-97, 302-18-29

      Шекарасы: Үлкен Алматы өзенінен бастап, Каблуков көшесіндегі 270 үйден (блок 1, 2, 3, 4) оны қоспай, әрі қарай (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Қожабеков көшесі мен Розыбакиев көшесінің қиылысына дейін, Розыбакиев көшесіндегі 273 үйді және Құсайынов көшесіндегі 292 үйді қоспай, Қожабеков көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Гагарин даңғылына дейін, Гагарин даңғылының бойымен (батыс жағы) әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Каблуков көшесіндегі 270 үйге дейін (блок 1, 2, 3, 4).

№ 558 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Алмагүл шағынаудан, 42 үй, "№ 125 жалпы білім
беретін мектеп" КММ, телефоны: 396-47-48, 396-47-70

      Шекарасы: Жароков көшесінен бастап, Ходжанов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Экспериментальная база көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Ходжанов көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Жароков көшесіне дейін, Жароков көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Ходжанов көшесіне дейін.

№ 559 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Алатау шағынаудан, Қазыбек Тауасарұлы (Тәуелсіздік)
көшесі, 33 үй, "№ 189 жалпы білім беретін мектеп" КММ,
телефоны: 298-78-70, 298-64-38

      Шекарасы: Темірбек Қожакеев (Самал) көшесінен бастап, Көксарай (Кеңдала) көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Исеналиев көшесіне дейін, Исеналиев көшесінен бастап, Жолбарыс (Аққайнар) көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Мәди көшесіне дейін, Мәди көшесінің бойымен (екі жағы) оңтүстікке қарай Еркеғали Рахмадиев (Ақиық) көшесіне дейін, Еркеғали Рахмадиев (Ақиық) көшесінің бойымен (екі жағы) оңтүстікке қарай Балжан Бөлтірікова (Қарасай батыр) көшесіне дейін, Балжан Бөлтірікова (Қарасай батыр) көшесінің бойымен (екі жағы) батысқа қарай Темірбек Қожакеев (Самал) көшесіне дейін, Темірбек Қожакеев (Самал) көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Кеңдала (Көксарай) көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады