Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің "Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 01-05/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 5 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қарашада № 1508 болып тіркелді. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2019 жылғы 01 ақпандағы № 1 шешімімен күші жойылды

      Ескерту. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2019.01.02 № 1 шешімімен күші жойылды (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 01–05/3 "Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Алматы қаласы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1031 болып тіркелген, 2014 жылдың 29 сәуірінде № 49–51 "Алматы ақшамы" газетінде, 2014 жылдың 29 сәуірінде № 49–50 "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің № 1 қосымшасында № 126, 128, 141, 142, 176, 199, 204, 197, 198, 202 сайлау учаскелері орталығының атауы, осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген шешімнің № 1 қосымшасында № 123, 124, 125, 129, 130, 133, 134, 141, 142, 149, 151, 152, 161, 164, 167, 173, 174, 175, 178, 179, 181, 190, 193, 195, 197, 199, 200, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 213, 214, 215 сайлау учаскелерінің шекаралары, осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3) көрсетілген шешімнің № 1 қосымшасы, осы шешімнің № 3 қосымшасына сәйкес жаңадан ашылған № 554, 565 сайлау учаскілерімен толықтырылсын;

      4) көрсетілген шешімнің № 1 қосымшасында, осы шешімнің № 4 қосымшасына сәйкес № 216, 217, 218, 219, 220, 221, 222, 223, 224 сайлау учаскелері алып тасталсын.

      2. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Әуезов ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысы С. Омароваға жүктелсін.

      4. Осы шешім, ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әкім Ә. Өскенбаев

  Алматы қаласы
Әуезов ауданы әкімінің
2018 жылғы 16 қарашадағы
№ 5 шешіміне № 1 қосымша

      № 126 сайлау учаскесi (орталығы: 050042, "Нархоз университетінің жатақханасы" акционерлік қоғамы, Таугүл шағынауданы, 34-а үй)

      № 128 сайлау учаскесi (орталығы: 050042, "Еуразия инновациялық экономика және басқару академиясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Рысқұлбеков көшесi, 39-а үй)

      № 141 сайлау учаскесi (орталығы:050035, "Нархоз университетi" акционерлік қоғамы, Жандосов көшесi, 55 үй)

      № 142 сайлау учаскесi (орталығы: 050035, "Нархоз университетi" акционерлік қоғамы, Жандосов көшесi, 55 үй)

      № 176 сайлау учаскесi (050062, орталығы: "Нархоз университетінің филиалы" акционерлік қоғамы, Саин көшесі, 81-А үй)

      № 199 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, Алматы қаласы білім басқармасының "Әлеуметтік мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы "Жастар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жетiсу-2 шағынауданы, 79 үй)

      № 204 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, № 15 қалалық емхана шарушылық жүргізу құқығындағы мемлекетік коммуналдық мекемесі, Достық шағынауданы, Ильич көшесi, 17-А үй)

      № 197 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, "№ 117 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жетысу-2 шағынауданы, 2 үй)

      № 198 сайлау учаскесі (орталығы: 050063, "№ 141 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жетiсу-2 шағынауданы, 8-Б үй)

      № 202 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, "№ 117 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жетысу-2 шағынауданы, 2 үй)

  Алматы қаласы
Әуезов ауданы әкімінің
2018 жылғы 16 қарашадағы
№ 5 шешіміне № 2 қосымша

№ 123 сайлау учаскесi (орталығы: 050042, "№ 72 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сүлейменов көшесi, 16 үй)

      Шекаралары: Жандосов көшесiнен Үлкен Алматы өзенiнiң батыс жағымен оңтүстік бағытта Тоқтабаев көшесiне дейiн. Тоқтабаев көшесiнiң солтүстiк жағымен батыс бағытта 2-Вишневский көшесiне дейiн. 2-Вишневский көшесiнiң шығыс жағымен,солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін, Таугүл-1 шағынауданындағы № 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 52-Б үйлерді қоспай. Жандосов көшесiнiң оңтүстiк жағымен, шығыс бағытта Үлкен Алматы өзенiне дейiн.

№ 124 сайлау учаскесi (орталығы: 050042, "№ 72 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сүлейменов көшесi, 16 үй)

      Шекаралары: Жандосов көшесiнен 2-Вишневская көшесiнiң батыс жағымен оңтүстікке қарай Пятницкий көшесiне дейiн Таугүл-1 шағынауданындағы № 44, 45, 46 үйлерді қоса. Пятницкий көшесінің солтүстік жағымен батысқа қарай А.Шалов көшесіне дейін (бұрынғы Мұстафин көшесі). А.Шалов көшесiнiң (бұрынғы Мұстафин көшесінің) шығыс жағымен солтүстікке қарай Жандосов көшесiне дейiн. Жандосов көшесiнiң оңтүстiк жағымен шығысқа қарай 2-Вишневская көшесіне дейiн.

№ 125 сайлау учаскесi (орталығы: 050042, "А.Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Черепанов көшесi, 14 үй)

      Шекаралары: Тоқтабаев көшесiнен Науаи көшесiнiң батыс жағымен оңтүстік бағытта, Рысқұлбеков көшесiне дейiн. Рысқұлбеков көшесiнiң солтүстiк жағымен батыс бағытта, Сүлейменов көшесiне дейiн. Сүлейменов көшесiнiң шығыс жағымен солтүстік бағытта, Тоқтабаев көшесiне дейiн. Тоқтабаев көшесiнiң оңтүстiк жағымен шығыс бағытта, №20 үйді қоспай, Науаи көшесiне дейiн.

№ 129 сайлау учаскесi (орталығы: 050052, "№ 175 Жаңа Ғасыр гимназиясы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Таугүл-3 шағынауданы, Шәймерденов көшесi, 21 үй)

      Шекаралары: Таугүл-3 шағынауданы. Шайкенов көшесiнен Жандосов көшесiнiң оңтүстік жағымен батыс бағытта, ауданның батыс шекарасына дейін. Ауданның батыс шекарасынан оңтүстік бағытта, Таугүл-3 шағынауданының Тополевая көшесіне дейiн. Таугүл-3 шағынауданының Тополевая көшесінің солтүстiк жағымен шығыс бағытта, Таугүл-3 шағынауданының Мұхаметжанов көшесіне дейін. Таугүл-3 шағынауданының Мұхаметжанов көшесінің батыс жағымен солтүстік бағытта, Таугүл-3 шағынауданының Бейсембаев көшесіне дейін. Таугүл-3 шағынауданының Бейсембаев көшесінің оңтүстік жағымен батыс бағытта, Таугүл-3 шағынауданының Шайкенов көшесіне дейін. Таугүл-3 шағынауданының Шайкенов көшесінің батыс жағымен солтүстік бағытта, Жандосов көшесiне дейiн.

№ 130 сайлау учаскесi (орталығы: 050042, "А.Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Черепанов көшесi, 14 үй)

      Шекаралары: Пятницкий көшесінен А.Шалов көшесiнiң (бұрынғы Мұстафин көшесі) шығыс жағымен оңтүстік бағытта, Тоқтабаев көшесiне дейiн.Тоқтабаев көшесiнiң солтүстiк жағымен шығысқа қарай Сүлейменов көшесiне дейiн. Сүлейменов көшесінің батыс жағымен солтүстікке қарай Пятницкий көшесiне дейiн (Тоқтабаев көшесіндегі № 7-А және № 20 үйді, Сүлейменов көшесіндегі № 24-А, 24-Б, 26-А үйлерді және Таугүл-1 шағынауданындағы № 59,60 үйді қоса). Пятницкий көшесінің оңтүстiк жағымен батыс бағытта А.Шалов көшесiне (бұрынғы Мұстафин көшесі) дейiн.

№ 133 сайлау учаскесi (орталығы: 050042, " № 139 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Черепанов көшесi, 14 үй)

      Шекаралары: Сүлейменов көшесінен Пятницкий көшесінің оңтүстік жағымен, шығыс бағытқа қарай 2-Вишневский көшесіне дейін. 2-Вишневский көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Тоқтабаев көшесіне дейін, Таугүл-1 шағынауданындағы № 47,48,49,50,51,52,52-Б үйлерді қоса алғанда. Тоқтабаев көшесінің солтүстік жағымен Сүлейменов көшесіне дейін. Сүлейменов көшесінің шығыс жағымен (Тоқтабаев көшесіндегі № 7 үйді, Сүлейменов көшесіндегі № 24-А, 24-Б, 26-А үйлерді және Таугүл-1 шағынауданындағы № 59,60 үйлерді қоспай) Пятницкий көшесіне дейін.

№ 134 сайлау учаскесi (орталығы: 050052, "№ 175 Жаңа Ғасыр гимназиясы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Таугүл-3 шағынауданы, Шәймерденов көшесi, 21 үй)

      Шекаралары: Таугүл-3 шағынауданы. Жандосов көшесінен Саин көшесінің батыс жағымен оңтүстік бағытта, Таугүл-3 шағынауданының Асқаров көшесіне дейін. Таугүл-3 шағынауданының Асқаров көшесінің солтүстік жағымен батыс бағытта, Таугүл-3 шағынауданының Мұхаметжанов көшесіне дейін. Таугүл-3 шағынауданының Мұхаметжанов көшесінің шығыс жағымен солтүстік бағытта, Таугүл-3 шағынауданының Бейсембаев көшесіне дейін. Таугүл-3 шағынауданының Бейсембаев көшесінің солтүстік жағымен батыс бағытта, Таугүл-3 шағынауданының Шайкенов көшесіне дейін. Таугүл-3 шағынауданының Шайкенов көшесінің шығыс жағымен солтүстік бағытта, Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің оңтүстік жағымен шығыс бағытта, Саин көшесіне дейін.

№ 141 сайлау учаскесi (орталығы: 050035, "Нархоз университетi" акционерлік қоғамы,
Жандосов көшесi, 55 үй)

      Шекаралары: 10 шағынаудан, № 17, 17/1, 17/2, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 57, 57-А, 59-А, 59-Б, 59-В,59/1 үйлер.

№ 142 сайлау учаскесi (орталығы: 050035, "Нархоз университетi" акционерлік қоғамы,
Жандосов көшесi, 55 үй)

      Шекаралары: 10 шағынаудан, № 6, 7, 7-А, 7-А/2, 7/2, 7/3, 8, 8-А, 8-Б, 8-В, 8-Г, 9, 9-А, 10 үйлер.

№ 149 сайлау учаскесi (орталығы: 050035, "№ 116 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 8 шағынаудан, 46 үй)

      Шекаралары: 8 шағынаудан, № 1, 2, 3,3-А, 4, 5, 6, 7, 7-А, 8, 8-А, 9, 10, 11, 37, 39, 87 үйлер.

№ 151 сайлау учаскесi (орталығы: 050036, "№ 9 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 12 шағынаудан, 18 үй)

      Шекаралары: 12 шағынаудан түгел, № 1, 1/1, 2, 3, 4, 5, 5-А, 5-Б, 5-В, 6, 7, 8, 9, 9/1, 10, 11, 12, 13, 14, 15,15-А, 16, 22/2 үйлер.

№ 152 сайлау учаскесi (орталығы: 050036, "№ 9 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі", 12 шағынаудан, 18 үй)

      Шекаралары: 10-А шағынаудан, № 2, 3, 4 үйлерді қоспай, №№ 1, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13,14, 15, 16, 17, 18,19, 20,21,22, 22-А үйлер.

№ 161 сайлау учаскесi (орталығы: 050062, "№ 104 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2 шағынаудан, 59-А үй)

      Шекаралары: 2 шағынаудан, № 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 38-А, 40,40-Г, 41, 42 үйлер.

№ 164 сайлау учаскесi (орталығы: 050062, ""Дауыс" баспасөз тарату жөніндегі қалалық басқармасы"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Өтеген батыр көшесi, 76-а үй)

      Шекаралары: Төле би көшесiнен Сайран көлiнiң батыс жағалауымен оңтүстік бағытта, Қабдолов көшесіне дейін. Қабдолов көшесінің солтүстік жағымен шығыс бағытта, Өтеген батыр көшесiне дейiн, Сайран шағынауданының №№ 118 және 120 үйлерін қоспай. Өтеген батыр көшесінiң шығыс жағымен солтүстік бағытта, № 71-А үйін, “Березка” жатақханасын, Өтеген батыр көшесі бойынша № 17/3-тен № 17/4-ке дейін, және № 21 үйлердi қоса Төле би көшесіне дейін. Төле би көшесiнің оңтүстік жағымен шығыс бағытта, Сайран көліне дейiн.

№ 167 сайлау учаскесi (орталығы: 050062, "Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қабдолов көшесi, 12 үй)

      Шекаралары: Жұбанов көшесiнен Алтынсарин даңғылының шығыс жағымен солтүстік бағытта, Қабдолов көшесiне дейiн. Қабдолов көшесiнiң оңтүстiк жағымен шығыс бағытта, Сайран көліне дейін Сайран шағынауданының № 118, 120 үйлерін қосқанда. Сайран көлінің батыс жағалауымен оңтүстік бағытта, Жұбанов көшесіне дейін. Жұбанов көшесiнiң солтүстiк жағымен батыс бағытта, Алтынсарин даңғылына дейiн.

№ 173 сайлау учаскесi (050062, орталығы: "Девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы
білім беру ұйымы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жұбанов көшесi, 68-А үй)

      Шекаралары: 1 шағынаудан, № 18, 18-а, 19, 62, 64, 65, 66, 67, 68, Алтынсарин даңғылындағы № 1,1/1,1/2,1/3,5, Жұбанов көшесіндегі № 7,7/1,9, 68-А, Қабдолов көшесіндегі № 22 және № 1 шағынаудандағы № 61,63,68/3,68/4 үйлер, № 12, 14, 17,19-А, 20 үйлерді қоспағанда.

№ 174 сайлау учаскесi (050062, орталығы: "№ 111 гимназия" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі, № 1 шағынаудан, № 71 үй)

      Шекаралары: 1 шағынаудан, № 26-А, 41, 42, 43, 44, 45, 45-А, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 51-А, 52, 53, 54, 55, 56, 56-А, 57, 58, 59, 60 үйлер, № 61, 63, 68/3, 68/4 үйлерді қоспағанда.

№ 175 сайлау учаскесi (050062, орталығы: "№ 97 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, № 1 шағынаудан, № 76-А үй)

      Шекаралары: 1 шағынаудан, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11,11-Б, 13, 15, 16, 69, 73, 73-А, 74, 76, 77, 79, 80 және № 12,14,17,19-А,20 үйлерді қоса алғанда.

№ 178 сайлау учаскесi (орталығы: 050036, "№ 122 мектеп-гимназиясы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, №3 шағынаудан, 52 үй)

      Шекаралары: 3 шағынаудан, № 7, 8, 9, 9-А, 10, 11, 12, 12-А, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19,19/1, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 60 үйлер.

№ 179 сайлау учаскесi (орталығы: "Әуезов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
№ 3 шағынаудан, 41-А үй)

      Шекаралары: 3 шағынаудан, № 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34-35, 34, 35, 36-А, 36-Б, 37, 37-А, 38, 38-А, 39-А, 39-Б, 57 үйлер

№ 181 сайлау учаскесi (орталығы: 050031, "№ 133 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Аксай-1 шағынауданы, 26 үй)

      Шекаралары: Аксай-1 шағынаудан, № 1, 1-А, 2, 3, 4, 4-А, 4-Б, 5, 6, 7, 7-А, 8, 10, 10/1, 10/2, 11, 12, 13, 15, 15-А үйлер.

№ 190 сайлау учаскесi (орталығы: 050031, "Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақсай-3-А шағынауданы, 54 үй)

      Шекаралары: Ақсай-3-А шағынаудан, № 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 56, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 73, 74, 75, 76, 77, 80, 85, 87, 89, 91 үйлер.

№ 193 сайлау учаскесi (050063, орталығы: "№ 132 гимназия" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі, Ақсай-4 шағынауданы, № 107 үй)

      Шекаралары: Ақсай-4 шағынауданы № 3, 4, 4-а, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13,14, 15, 16, 16а, 16б, 94, 96, 98, 99, 101, 102, 103, 104, 105, 121, 122, 123 үйлері. № 91, 93, 97 үйлерді қоспағанда.

№ 195 сайлау учаскесi
(050063, орталығы: "№ 126 мектеп-лицейі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Ақсай-4 шағынауданы, № 66 үй)

      Шекаралары: Ақсай-4 шағынауданы № 67, 67/1, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78,79, 80, 81, 82, 83, 84, 86, 87, 88, 89, 92 үйлері, № 91, 93, 97 үйлерін қосқанда.

№ 197 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, "№ 117 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жетысу-2 шағынауданы, 2 үй)

      Шекаралары: Жетiсу-2 шағынаудан, № 2, 2-А, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11/1, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 28, 29, 30 үйлер.

№ 199 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, Алматы қаласы білім басқармасының "Әлеуметтік
мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы "Жастар үйі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жетiсу-2 шағынауданы, 79 үй)

      Шекаралары: Жетiсу-2 шағынаудан, № 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 79, 81, 85 үйлер.

№ 200 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, Қазақ қатынас жолдары университеті, Жетiсу-1
шағынауданы, 32-А үй)

      Шекаралары: Жетiсу-3 шағынаудан, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 үйлерді қоспай.

№ 202 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, "№ 117 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Жетысу-2 шағынауданы, 2 үй)

      Шекаралары: Жетісу-2 шағынаудан, № 56, 57, 58, 59,60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 70-А, 71, 72,73, 74, 75, 76, 77, 78, 80 үйлер.

№ 203 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, Қазақ қатынас жолдары университеті,
Жетiсу-1 шағынаудан, 32-А үй)

      Шекаралары: Жетісу-3 шағынауданының, № 1, 2, 3,4,5,6,7 үйлерін қоса, Жетісу-1 шағынаудан, № 30, 31, 32, 33, 33-А, 34, 35, 36, 37, 38, 40, 41, 42, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55 үйлер.

№ 204 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, № 15 қалалық емхана шарушылық жүргізу
құқығындағы мемлекетік коммуналдық мекемесі, Достық
шағынауданы, Ильич көшесi, 17-А үй)

      Шекаралары: Достық шағынауданындағы Науметов көшесiнен, Достық шағынауданындағы Садуақасов көшесiнiң батыс жағымен солтүстік бағытта, Достық шағынауданындағы Киевская көшесiне дейiн. Достық шағынауданындағы Киевская көшесiнiң оңтүстік жағымен шығыс бағытта, Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жағалауымен оңтүстік бағытта, Достық шағынауданындағы Науметов көшесiне дейiн. Достық шағынауданындағы Науметов көшесiнің солтүстік жағымен шығыс бағытта, (Достық шағынауданындағы Сәдуақасов көшесіндегі барлық үйді қоса) Достық шағынауданының Сәдуақасов көшесiне дейiн.

№ 205 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, "А.Розыбақиев атындағы № 153 көпсалалы
мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
Достық шағынауданы, Садуақасов көшесi, 27 үй)

      Шекаралары: Достық шағынауданындағы Паклиевского көшесiнен, Достық шағынауданындағы Садуақасов көшесiнiң батыс жағымен солтүстік бағытта, Достық шағынауданындағы Науметов көшесiне дейiн. Достық шағынауданындағы Науметов көшесiнiң оңтүстік жағымен батыс бағытта, Қарғалы өзеніне дейiн. Қарғалы өзенінің шығыс жағалауымен оңтүстік бағытта, Достық шағынауданындағы Паклиевская көшесiне дейiн. Достық шағынауданындағы Паклиевская көшесiнiң оңтүстiк жағымен шығыс бағытта Достық шағынауданындағы Садуақасов көшесiне дейiн.

№ 206 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, "№ 155 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Достық шағынауданы, Садуақасов көшесi, 29 үй)

      Шекаралары: Достық шағынауданындағы Паклиевская көшесiнен, Достық шағынауданындағы Садуақасов көшесiнiң батыс жағымен оңтүстік бағытта, Достық шағынауданындағы Пригородная көшесiне дейiн (Достық шағынауданындағы Сәдуақасов көшесі бойынша № 173, 175, 175-а, 177, 179, 181 үйлерін қоса). Достық шағынауданындағы Пригородная көшесiнiң батыс жағымен оңтүстік бағытта Шаляпин көшесiне дейiн. Шаляпин көшесiнiң солтүстiк жағымен батыс бағытта, Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жағалауымен солтүстік бағытта, Достық шағынауданындағы Паклиевская көшесiне дейiн. Достық шағынауданындағы Паклиевская көшесiнiң оңтүстiк жағымен шығыс бағытта, Достық шағынауданындағы Садуақасов көшесiне дейiн.

№ 207 сайлау учаскесi (орталығы: 050031, "Мамандандырылған қазақ-түрiк
мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
Ақсай-3Б шағын ауданы, 27 үй)

      Шекаралары: Достық шағынауданындағы Трудовая көшесінен, Достық шағынауданындағы Сәдуақасов көшесінің батыс жағымен солтүстік бағытта, Достық шағынауданындағы Ташкентская көшесіне дейін. Достық шағынауданындағы Ташкентская көшесінің оңтүстік жағымен батыс бағытта, Яссауи көшесіне дейін. Яссауи көшесінің батыс жағымен, Ақсай-3Б шағынауданының шекарасына дейін. Ақсай-3Б шағынауданының шекарасынан, өзін қоспағанда, Алтын-бесік шағынауданының шекарасына дейін, Алтын-бесік шағынауданың шығыс шекарасымен солтүстік бағытта, Алматы-Бішкек жолына дейін. Алматы-Бішкек жолының оңтүстік жағымен, Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жағалауымен оңтүстік бағытта, Достық шағынауданындағы Трудавая көшесіне дейін. Достық шағынауданындағы Трудавая көшесінің солтүстік жағымен шығыс бағытта Достық шағынауданындағы Сәдуақасов көшесіне дейін.

№ 208 сайлау учаскесi (орталығы: 050036, "Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының "Алматы қалалық Ардагерлер үйi"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Мамыр-7 шағынаудан, 8-А үй)

      Шекаралары: Мамыр-1 шағынаудан, № 18 үйді қоспай, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 19, 20 үйлер. Мамыр-7 шағынауданы түгел.

№ 209 сайлау учаскесi (орталығы: 050036, "№ 173 мектеп-лицейі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Мамыр-1 шағынауданы, 21 үй)

      Шекаралары: Мамыр-1 шағынаудан, № 11, 12, 14, 15, 16, 17, 18, 21/2, 27 үйлер, Мамыр-2 шағынаудан, №№ 29, 29/1, 29/2, 29/3, 29/4, 29/5, 29/6, 29/7, 29/8 үйлерді қоспай, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 үйлер.

№ 210 сайлау учаскесi (орталығы: 050036, "№173 мектеп-лицейі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Мамыр-1 шағын ауданы, 21 үй)

      Шекаралары: Мамыр-3 шағынауданы түгел, № 1, 2, 2-А, 3, 4, 4-А, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 17/1, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 үйлер, Мамыр-2 шағынауданындағы № 11, 12, 13, 14, 15, 16, 18, 18-А, 19, 20 үйлер.

№ 213 сайлау учаскесi (орталығы: 050052, "№ 158 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Мамыр шағынауданы, Степная көшесі, 8 үй)

      Шекаралары: Қарғалы өзенінен бастап, Жандосов көшесiнiң солтүстiк жағымен батыс бағытта, Таугүл шағынауданының Центральная көшесiне дейін. Таугүл шағынауданының Центральная көшесiнің батыс жағымен солтүстік бағытта, Таугүл шағынауданының Центральная көшесiндегі № 1, 7А, 7Б, 7Д, 7Е, 8, 8А, 8Б, 8В, 8Е, 8/1, 8В/1 үйлерін қоса, Таугүл шағынауданының Новостройка көшесiне дейiн. Таугүл шағынауданының Новостройка көшесiнің оңтүстік жағымен батыс бағытта, Қарғалы өзеніне дейін, Школьный-1 шағынауданының және жылжымалы механикалық колонна – 610 (ЖМК-610) үйлерін қоспағанда. Қарғалы өзенінің шығыс жағалауымен оңтүстік бағытта, Жандосов көшесіне дейін.

№ 214 сайлау учаскесi (орталығы: 050052, "№ 158 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Мамыр шағынауданы, Степная көшесі, 8 үй)

      Шекаралары: Шаляпин көшесінен бастап Бауыржан Момышұлы көшесінің батыс жағымен оңтүстік бағытта, Таугүл шағынауданының Новостройка көшесіне дейін. Таугүл шағынауданының Новостройка көшесінің оңтүстік жағымен батыс бағытта, Қарғалы өзеніне дейін, Школьный-1 шағынауданының барлық үйлерін қоса, Ғылыми аграрлық органика орталық институты Алматы филиалының № 1, 2, 3, 4 үйлерін және жылжымалы механикалық колонна – 610 (ЖМК-610) үйлерін қоса алғанда. Шаляпин көшесінің оңтүстік жағымен шығыс бағытта, Бауыржан Момышұлы көшесіне дейін.

№ 215 сайлау учаскесi (орталығы: 050052 "Ғалым" қазақ ұлттық гимназиясы"
мемлекеттік емес мекемесі, Тепличная көшесі, 59 үй)

      Шекаралары: Саин көшесінен, Жандосов көшесінің солтүстік жағымен батыс бағытта, Таугүл шағынауданының Центральная көшесіне дейін. Таугүл шағынауданының Центральная көшесінің шығыс жағымен Таугүл шағынауданының Новостройка көшесіне дейін, Таугүл шағынауданының Центральная көшесі бойынша № 1, 7А, 7Б, 7Д, 7Е, 8, 8А, 8Б, 8В, 8Е, 8/1, 8В/1 үйлерін қоспағанда. Таугүл шағынауданының Новостройка көшесінің оңтүстік жағымен Бауыржан Момышұлы көшесіне дейін. Бауыржан Момышұлы көшесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай Шаляпин көшесіне дейін. Шаляпин көшесінің оңтүстік жағымен шығыс бағытта, Саин көшесіне дейін. Саин көшесінің батыс жағымен оңтүстік бағытта, Жандосов көшесіне дейін, Астана, Дубок-2, Тепличный шағынаудандарын түгел қоса.

  Алматы қаласы
Әуезов ауданы әкімінің
2018 жылғы 16 қарашадағы
№ 5 шешіміне № 3 қосымша

№ 554 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, Қазақ қатынас жолдары университеті,
Мамыр-1 шағынауданы, 21/1 үй)

      Шекаралары: Мамыр-1 шағынаудан, № 29, 29/1, 29/2, 29/3, 29/4, 29/5, 29/6, 29/7, 29/8.

№ 565 сайлау учаскесi (орталығы: 050063, "А.Розыбақиев атындағы № 153 көпсалалы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Достық шағынауданы,
Садуақасов көшесi, 27 үй)

      Шекаралары: Достық шағынауданындағы Киевская көшесінен, Достық шағынауданындағы Сәдуақасов көшесінің батыс жағымен солтүстік бағытта, Достық шағынауданындағы Трудавая көшесіне дейін. Достық шағынауданындағы Трудавая көшесінің солтүстік жағымен батыс бағытта, Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жағалауымен оңтүстік бағытта, Достық шағынауданындағы Киевская көшесіне дейін. Достық шағынауданындағы Киевская көшесінің солтүстік жағымен шығыс бағытта, Достық шағынауданындағы Сәдуақасов көшесіне дейін.

  Алматы қаласы
Әуезов ауданы әкімінің
2018 жылғы 16 қарашадағы
№ 5 шешіміне № 4 қосымша

№ 216 сайлау учаскесi (орталығы: 050006, "№ 157 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Қалқаман шағынауданы, Байтұрсынов көшесі, 36 үй)

      Шекаралары: Қалқаман-2 шағынаудан, (бұрынғы төменгі Каменка). Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесінен Алты Алаш шағынауданындағы Ер Жәнібек Бердәулетұлы көшесінің оңтүстік жағымен Қалқаман-2 шағынауданындағы Бегалиев көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Бегалиев көшесінің шығыс жағымен батысқа қарай Қалқаман-2 шағынауданындағы Комсомольская тұйық көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Комсомольская тұйық көшесінің оңтүстік жағымен (Комсомольская тұйық көшесіндегі барлық үйлерді қоса) Әуезов ауданының батыс шекарасына дейін. Ауданның батыс шекарасының шығыс бойымен, оңтүстікке қарай Әуезов ауданының оңтүстік шекарасына дейін. Ауданның оңтүстік шекарасының солтүстік жағымен Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесіннің батыс жағымен (Әуезов көшесіндегі барлық үйді қоспай) Қалқаман-2 шағынауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесіне дейін (жылу трассасы). Әрі қарай солтүстік бағытпен Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесінің батыс жағымен (Әуезов көшесінің батыс жағындағы үйлерді қоса отырып) Алты Алаш шағынауданындағы Ер Жәнібек Бердәулетұлы көшесіне дейін.

№ 217 сайлау учаскесi (орталығы: 050006, № 7 қалалық клиникалық аурухана,
Қалқаман шағынауданы)

      Шекаралары: Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесінен Алты Алаш шағынауданындағы Ер Жәнібек Бердәулетұлы көшесінің солтүстік жағымен батыс бағытты бойлай отырып Қалқаман-2 шағынауданындағы Бегалиев көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Бегалиев көшесінің батыс жағымен оңтүстік бағытты бойлай отырып Қалқаман-2 шағынауданындағы Комсомольская тұйық көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Комсомольская тұйық көшесінің солтүстік жағымен ауданның батыс шекарасына дейін. Ауданның шығыс шекарасымен солтүстікке қарай, Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылының оңтүстік жағымен шығысқа қарай Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Алты Алаш шағынауданындағы Ер Жәнібек Бердәулетұлы көшесіне дейін.

№ 218 сайлау учаскесi (орталығы: 050006, "№ 157 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Қалқаман шағынауданы, Байтұрсынов көшесі, 36 үй)

      Шекаралары: Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесінен Қалқаман-2 шағынауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесінің солтүстік жағымен (жылу трассасы) шығысқа қарай Қалқаман-2 шағынауданындағы Әйтей батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Әйтей батыр көшесінің батыс жағымен, оңтүстікке қарай Қалқаман-2 шағынауданындағы Байзақ батыр (бұрынғы Ильич) көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Байзақ батыр (бұрынғы Ильич) көшесінің солтүстік жағымен батысқа қарай Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесінің батыс жағымен (Әуезов көшесіндегі барлық үйлерді қосып) Қалқаман-2 шағынауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесіне дейін (жылу трассасы).

№ 219 сайлау учаскесi (орталығы: 050006, "№ 176 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі, Қалқаман-3 шағынауданы, Мақатаев көшесі, 47 үй)

      Шекаралары: Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесінен Қалқаман-2 шағынауданындағы Байзақ батыр (бұрынғы Ильич) көшесінің оңтүстік жағымен шығысқа қарай Қалқаман-2 шағынауданындағы Әйтей батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Әйтей батыр көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай жобаланған Абай даңғылының қиылысына дейін. Жобаланған Абай даңғылының қиылысынан батысқа қарай Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесінің батыс жағымен (Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесінің үйлерін түгел қосып) солтүстікке қарай Қалқаман-2 шағынауданындағы Байзақ батыр (бұрынғы Ильич) көшесіне дейін.

№ 220 сайлау учаскесі (орталығы: 050006, "№ 157 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Қалқаман шағынауданы, А. Байтұрсынов көшесі, 36 үй)

      Шекаралары: Қарғалы өзенінен Қалқаман-2 шағынауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесінің оңтүстігімен батысқа қарай Қалқаман-2 шағынауданындағы Әйтей батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Әйтей батыр көшесінің шығыс жағымен оңтүстікке қарай жобаланған Абай даңғылының қиылысына дейін. Жобаланған Абай даңғылының қиылысынан шығысқа қарай Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен, солтүстікке қарай Қалқаман-2 шағынауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесіне дейін (жылу трассасы).

№ 221 сайлау учаскесi (орталығы: 050006, "№ 176 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі, Қалқаман-3 шағынауданы, Мақатаев көшесі, 47 үй)

      Шекаралары: Шекаралары: Қалқаман-2 шағынауданындағы Нағымбек Нұрмағамбетов көшесінен Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен оңтүстікке қарай (шекараға Достық шағынауданындағы Пионерская көшесіндегі және Ғылыми аграрлық органика орталық институтының Алматылық филиалы үйлерін қоспай, ал Каменка-3 шағынауданындағы үйлерді қоса отырып) Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жағымен, батысқа қарай жоғарғы Каменка поселкесінің шекарасына дейін. Жоғарғы Каменка поселкесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай Қалқаман-3 шағынауданындағы Смет Кеңесбаев көшесіне дейін. Қалқаман-3 шағынауданындағы Смет Кеңесбаев көшесінің солтүстік жағымен Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай жобаланған Абай даңғылының қиылысына дейін. Жобаланған Абай даңғылы қиылысының оңтүстік жағымен Қалқаман-2 шағынауданындағы Нағымбек Нұрмағамбетов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Нағымбек Нұрмағамбетов көшесінің оңтүстік жағынан Қарғалы өзеніне дейін.

№ 222 сайлау учаскесi (орталығы: 050006, "№ 1 қалалық клиникалық аурухана"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны)

      Шекаралары: Алты Алаш шағынауданы- түгел. Әуезов көшесінен Райымбек даңғылының оңтүстік жағымен Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен Қалқаман-2 шағынауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесіне дейін (жылу трассасы). Қалқаман-2 шағынауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесінің солтүстік жағымен (жылу трассасы) батысқа қарай Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданындағы Әуезов көшесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай Райымбек даңғылына дейін.

№ 223 сайлау учаскесi (орталығы: 050006, "№ 1 қалалық клиникалық аурухана" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны) № 224 сайлау учаскесi (орталығы: 050006, "№ 7 қалалық клиникалық аурухана" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады